Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот үкімі шықты

24
фото Отырар.кз

Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот үкімі шықты. Күдікті аса ірі көлемде пара беруге оқталды деген айып бойынша 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«М.Исахов тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып 8 жыл 5 ай 7 күнге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын»,- деді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаев.

Айта кетейік, бұрынғы әкім орынбасарын 2023 жылдың 20 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстаған еді.

Әсел Мәлік