Қоқысқа қарызыңыз бар!

432
Людмила Коршикова

Қоқысқа қарызсыз. Дәл осындай түбіртектер қала тұрғындарының қолынан табылуда. Алайда, шымкенттіктер олар көрсеткен қызметке ешқандай қарыздарының жоқтығын алға тартады. Біразы төленген түбіртектерімен дәлеледеп жатса, енді бірі төленген, бірақ сақталмаған түбіртектерін дәлелдей алмай жатыр.

Қолына қоқысқа қарызы бар деген түбіртекті алған Людмила Коршикова түсініксіз жағдайға тап болған. Жасы келген әйел бұл шағынауданда жиырма жылдан астам өмір сүріп келеді, содан бері коммуналдық қызметке ақы төлемеген кезі болмаған. Алайда, қоқыс тазалайтын компания зейнеткердің қарызы бар деген шешімге келіпті. Бірақ, қуанышқа орай людмила Коршикова жылдар бойы төленді деген түбіртектерін жинап келген. Сондықтан да, бұл ойында жеңетінені сенімді.

Людмила Коршикова, зейнеткер:»Мен жылдар бойы коммуналдық қызметке төлеп қана қоймай, түбіртекті арнайы жинамын. 2007 жылдың төрттен бір бөлігіне төлемеген деген түбіртек алдым. Қарызсың дейді, қоқыс компаниясы. Оған менің дәлелім бар. Менің қоқысқа қарызым жоқ».

Қоқыс тазалайтын «Орион жаңа технологиялар» компаниясын шымкенттіктер шынында да қарыз дегенді алға тартады. Компания басшысының айтуынша, тұрғындардың өткен жылға қарыздары да бар көрінеді. Ол кезде қоқысты тазалайтын өзге мекеме болған екен. Сол себепті де компания зейнеткердің төлемі туралы хаттама беруді ұмытып кеткен болар деп отыр.

Ал, құқық қорғайтын құзырлы органдар қоқыс қарызы туралы ешкімнің арызданбағанын алға тартады. Егер де тұтынушылар арызданып, қолдарындағы түбіртектерімен төлегендерін дәлелдей алса, қоқыс таситын компанияға заңда көрсетілген жауапкершілік жүктелетінін айтып отыр.

Шыңғыс Ертаев, ОҚО прокурорының бас көмекшісі:»Бізге арызданып, ешкім келген жоқ. Бұл азаматша бізге арызданатын болса, тексеру жүргізіп, заңды шешімін береміз».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SaQJ4irAiUQ[/youtube]