Қоғамдық көліктерге шағым көп

338
жолаушы тасымалдайтын
жолаушы тасымалдайтын көліктерге сын көп

Қала іргесінде орналасқан  «Тассай» және «Пахтакор 1»  елдімекендерінің тұрғындары қоғамдық көліктің қозғалысы мен кестесіне қатысты сын айтуда. Олардың мәлімдеуінше №44 «а» шағынавтобус тұрақты жүрмейді, ал №22  қоғамдық  көлік болса, аялдаманың соңына дейін бармай адамдарды әбігерге салуда.

Сайрамға баратын мына жолдың бір бетінде Тассайлықтар тұрса, екінші жағында «Пахтакор 1» шағынауданы орналасқан. Екі елдімекеннің тұрғындары қоғамдық көліктің қатынауына көңілдері толмайтынын айтады.

Инабат Тәжиева, Тассай шағынауданының тұрғыны: «Мен алты баланың анасымын. 44 автобус мүлдем жүрмей қойды. Азық- түлікке барғанда қиналамыз. Ал қыста жағдайымыз не болмақ».

Эльвира  Төлебекова, тұрғын: «Әпкеміздің үйіне қонаққа барамыз. Үнемі осы трассадан жаяу келеміз. Үш балам бар. Аптап ыстықта баламен қиналатынымыз жасырын емес».

Бағытттағы автобусты тосып әбден амалы таусылғандар осылайша «Жібек жолы» күре жолынан діт деген жеріне жаяу жол тартады. Қала әкімдігіндегі жауапты мамандар қоғамдық көлік кестеге сәйкес жүруде дегенді алға тартуда.

Наурыз Сүгірәлиев, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы: «Тассай бағытында қатынайтын 44 «а» шағынавтобусы саяйжайға дейін бектілген   кестеге сәйкес жүреді».

Ал «Пахтакор 1» шағынауданының тұрғындары 22 шағын автобустың жүргізушілеріне өкпесі қара қазандай. Өйткені олар бағыттың соңына дейін жетпей мешітте бұрылып кетеді.

Наурыз СҮГІРӘЛИЕВ: «Қауіпсіздік шараларды сақтау мақсатында қазір ия мешіт аялдамасында адамдарды түсіріп тастайды. Ал соңғы аялдамада қазіргі таңда жол жөнделуде. Ол жұмыстар 1-ші қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс».

Маманның сөзіне сенсек бағыттағы қоғамдық көліктердің кестеге сәйкес қызмет көрсетуі қала әкімдігінің бақылауында. Олай болса, бұл келеңсіздіктерге жол берілмейді деген сенім де жоқ емес.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QDglbfff6ZY[/youtube]