Өңіріміздің тәртіп сақшылары сынақтан өтуде

260
Олар алдымен ҚР заңдары мен кәсіби біліктілігі жайындағы сұрақтарға жауап берді
Олар алдымен ҚР заңдары мен кәсіби біліктілігі жайындағы сұрақтарға жауап берді

Аттестация 17-тамызда басталды. Енді екі ай бойына полиция қызметкерлері қару-жарақты қолдану, дене дайындығы мен еліміздің заңдарын қаншалықты меңгергендерін дәлелдемек. Бүгін сынаққа алғашқы болып кіргендердің бірі — шұғыл басқару орталығының бастығы Аманқұл Қасымбеков. Екі күн бұрын полковник әскери дайындығы бойынша сынақта жақсы көрсеткіштер көрсеткен. Ол алдымен ҚР заңдары мен кәсіби біліктілігі жайындағы сұрақтарға жауап беріп шықты.

Аманқұл Қасымбеков, ОҚО ІІД шұғыл басқару орталығының бастығы: «Қызметіме қатысты сұрақ болды. Бізде бүгінде шымкент қаласында 128 бейнекамера орнатылған. Оларды пайдалану арқылы биыл 108 з заң бұзушылық анықталды. Былтыр осы мерзімде 63 болатын. Олардың басым бөлігі ұрлық, тонау, бұзақы әрекеттер. Жұмысты жақсарту үшін не қажет деген сауалға жауапкершілікті, талапты күшейту қажет деп жауап бердім».

Полицейлер қару-жарақты қолдану, дене дайындығы мен ел заңдарын қаншалықты меңгергендерін дәлелдемек

Тамыздың 17-нен ОҚО-да бастауын алған өңірлік аттестациялық комиссияның жұмысы 2 ай бойына жалғасады. Ал орталық комиссияның қорытындысы шығып қойған.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ОҚО ІІД ақпарат және тіл саясаты басқармасының бастығы: «Сынаққа 148 қызметкердің  мұнда  қалалық, аудандық ІІБ  басшылары және   жеке  қауіпсіздік басқармасы  және  есірткі бизнесіне қарсы күресу басқармаларының толық құрамы  қатысқан. Олардың 96-ы өз  қызметіне  лайықты  деп танылды. 20 -ның  қызметі төмендетілсін, 10 құрылымдағы өзге қызметке жіберілсін және 18-і ІІоргандарынан  шығарылсын деген ұсыныс жасалды».

Орталық комиссиясының нәтижесінде бірнеше жоғарғы шенді тәртіп сақшыларының сынақтан өте алмаған белгілі болды. Яғни, Төлеби, Ордабасы аудандары мен қалалық Абай полиция бөлімінің бастығы. Бұл шенді полиция қызметкерлері өз лауазымдарына сәйкес емес деп танылды. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gqYvhIx4V0o[/youtube]