(Жалғасы, басы өткен санында).
1980 жылы Шымкент қаласында балалар темiржолы iске қосылып, ипподром, зообақ, аквариум жұмыс істей бастады.
1981 жылы дендросаябақ ашылды.
1982 жылы КСРО-ның құрылуының 60 және 1987 жылғы Қазан революциясының 70 жылдығы қарсаңында экономика қарыштап дами бастады. Шымкент облысы шығарған бұйымдар Одақ көлемiн былай қойғанда, шетелдерге танымал бола бастады. Мысалы, 80-жылдардың екiншi жартысында Шымкент облысының 23 кәсiпорнынан өндiрiлген өнiмдерiн дүниежүзiнiң 42 елi сатып алып отырды. Сол елдердің 11-i социалистiк, 12-сi дамыған капиталистiк, 19-ы дамушы ел едi.
1983 жылы аса iрi құрылыстың бiрi – 1642 километрлiк Павлодар-Шымкент мұнай құбырларының құрылысы аяқталды.
1984 жылы бұл қалада 30 жаңа өнеркәсiп орны, жалпы көлемi 1,4 млн. шаршы метр тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берiлдi.
1985 жылы облыс орталығында өнеркәсiп өнiмiнiң жаңа 92 түрi игерiлдi.
1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан көтерiлiсiнен кейiн қазақ кадрларына қиғаш көзқараспен қараушылар көбейді. Соның нәтижесінде көптеген ұлттық кадрларымыз теперіш көргені белгілі.
Облыстарда халық саны өстi. 1989 жылы Қазақстанда 16538 мың халық тұрса, Шымкент облысында халық саны 1831 мың адамды құрады.
Елiмiз тәуелсiздiгiн 1991 жылдың 16-желтоқсаны күнi жариялап, Қазақ Кеңес социалистiк республикасы ендi жаңа мемлекет, Қазақстан республикасы болып аталды.
1991-1992 жылдары облыстық Достық үйі ашылды.
1992 жылы жергiлiктi жерде жаңа әкiмшiлiк басқарулар жүйесi ендi. Жеке облыстар мен қалалардың аттары қалпына келтiрiле бастады. Шымкент облысы қайтадан Оңтүстiк Қазақстан облысы болып өзгертiлдi. Кеңес Одағы кезiнде өзгертiлген ауыл аттарының тарихи аттары қайтарылды.
1994 жылы «Кабиско» АҚ америкалық «РДжР Тобакко» фирмасының басқаруына берілді.
1995 жылы Облыстық әкімшілік басшылығының шешімімен ОҚО Кіші Ассамблея халықтарының Атқарушы хатшылығы құрылды.
1995 жылы «Ел көл» қазақ-американ халықаралық көлік тасымалдау қызметі сервис орталығы ААҚ құрылды.
1996 жылы «Химфарм» АҚ-ы ирландиялық «Донадал Лимитед» АҚ-ның басқаруына берілді.
1996 жылы «Шымкент қорғасын» зауыты «Сауда жане қаржыландыру ЛТД» қазақ-австралия біріккен кәсіпорнының сырттай басқаруына берілді.
1999 жылы Ордабасы ауданы 35 жылдығын тойлады.
2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдығы атап өтілді.
2001 жылы Ұлы Ордабасы жиынының 275 жылдығы, Арыс қаласының 45 жылдығы атап өтілді.
2002 жылы 10-наурызда ОҚО 70 жылдығы атап өтілді.
Дайындаған — Құндызай ҚАЛАУОВА
1932-1962 жылдар аралығында ОҚО-ны басқарған обкомның бірінші секретарлары:
Васканов Р. – 1932-1934 жж
Лазарев Василий Никифорович – 1934-1937 жж
Досов Әбілқайыр Ысқақұлы – 1937 ж
Манкин Біржан – 1937-1938 жж
Нечаев Никита Александрович – 1938-1944 жж
Пазиков Хабир Мухарабович – 1944-1947 жж
Ерлепесов Мұхамеджан Ноғайұлы – 1947-1952 жж
Салин Мінайдар Сәлімұлы – 1952-1953 жж
Күзембаев Н.К. – 1953-1954 жж
Шаяхметов Жұмабай Шаяхметұлы – 1954-1955 жж
Юсупов Исмаил Юсупович – 1955-1959 жж
Макаров Виктор Иванович – 1959-1962 жж
1962-1991 жылдар аралығында Шымкент
облысын басқарған обкомның бірінші
секретарлары:
Макаров Виктор Иванович – 1962-1962 жж
Ливенцов Василий Андреевич – 1962-1963 жж
Ливенцов Василий Андреевич – 1963-1964 жж
Ливенцов Василий Андреевич – 1964-1972 жж
Рамазанов Аманулла Ғабдулхайұлы – 1972-1978 жж
Асқаров Асанбай Асқарұлы – 1978 -1985 жж
Мырзашев Рысбек – 1985 -1987 жж
Төлебеков Қасым Қажыбайұлы – 1987-1988 жж
Темірбаев Валерий Батаевич – 1988-1990 жж
Терещенко Сергей Александрович – 1990-1991 жж
ОҚО басқарған әкімдер:
Марс Үркімбаев – 1992-1993 жж
Зауытбек Тұрысбеков – 1993-1997 жж
Қалық Абдуллаев – 1997-1999 жж
Бердібек Сапарбаев – 1999 — 2002 жж
Болат Жылқышиев – 2002-2006 жж
Өмірзақ Шөкеев – 2006-2007 жж
Нұрғали Әшімов – 2007- 2009 жж
Асқар Мырзахметов – 04.03.2009-…