Қазақстандық штангист қыздар жарады. Батыр да батыл Чемпион Зульфия мен Майя арулардың қатарын бүгін Светлана Подобедова толықтырып, алтыннан алқа тағынды. Еліміз үшін сәтті басталған Лондондағы Олимпиадада спортшы қыз ауыр атлетикадан әлемнің алпауыт спортшыларынан озып шығып, мықтылығын дәлелдеді. 75 келі салмақта бақ сынаған Светлана екі сайыс түрінен 291 келіні бағындырды.
Жарыстың қорытындысы бойынша үштікке белорустық Ирина Кулеша ілінсе, екінші орыннан ресейлік спортшы Наталья Забалотная көрінді. Ал басты жүлде алтын медель біздің мақтанышымыз Светлана Подобедованың мойнына тағылды.
Қоржынындағы төрт алтынның үшеуін ауыр атлетші қыздарымыз иеленді. Қазақстанның әлем елдері арасында алдыңғы орыннан көрінуінде де осы аруларымыздың еңбегі ерен. Қазақстандық қыздар бұл жолы мықты екендіктерін дәлелдеді!