Азық-түлік тауарлары 1,9 пайызға қымбаттады

469

Оңтүстік Қазақстан облысының  статистика департаментінің мәліметі бойынша өңірімізде азық- түлік тауарларына баға жеті айдың қорытындысы бойынша 1,9 пайызға көтерілген. Ағымдағы жылдың басынан Ет және ет өнімдеріне баға өсімі 3,3 пайызды құрапты. Оның ішінде қой еті 7,8 пайызға, жылқы еті 3,9 сиыр еті 0,6 пайызға өсті. Аптап ыстықта салқындатылған сусындар да қымбаттаған.

Елена Евдокимова, ОҚО статистика департаментіндегі   баға  статистикасы басқармасының бастығы:  «Минералды сулар мен алкогольсіз сусындар 3,7 пайызға өсс, шәй, , какао 2,2 пайызға, кофе бағасының өсімі жеті айда 5,5 пайызды құрады. ал сүт өнімдері 1,6 пайызға көтерілген».

Ішімдіктердің бағасы жыл басынан өзгермеген. Шілде айында оның литрі орта есеппен 1759 теңгені құрады. Статистиктер қанттың бағасы 10,6 пайызға қымбаттағанын мәлімдесе, сатушылар көтерме сауда орындарында бір ай бұрынғы бағамен саудаланып жатқанын айтады.Ағымдағы жылдың жеті айында бірқатар тауарларға баға арзандаған.

Елена Евдокимова, ОҚО статистика департаментіндегі баға статистикасы басқармасының бастығы : «Ол дәнді дақылдардың бағасы 24,9 пайызға арзандаған. Сонымен қатар қызыл уылдырық 8,2 , жұмыртқа 7,9, күнбағыс майы 6,8 пайызға арзандаған. Арзандаған азық түлік тауарларының арасында макарон өнімдері бар. Оның бағасы 2,4 пайызға арзандаған».

Өткен жылмен салыстырғанда күріштің бағасы тұрақты- дақылдың бір келісі -175. Алайда тамыз айының өзінде бірқатар азық түлік тауарларына баға өзгерді. Ол бойынша мәліметтерді статистика департаментінің мамандары үшінші тоқсанның қортындысында шығарады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=O71Mhpa-nWc[/youtube]