Арнайы автобуспен өңірлерді аралауға шыққан ғалымдар тобы бұған дейін Республиканың 8 облысында болыпты. Бірегей жобасын ұсынып, жеңімпаз атанғысы келетіндер жетерлік, дейді олар. Соалрдың ішінен үздігін іріктеу керек. Оңтүстіктің өзінен оқымыстылар назарына 30 дай жоба ұсынылған.
Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ, Облыс әкімінің орынбасары: «Бірінші мақсат – осындай жобалардың, гранттардың бар екенін халыққа насихаттау. Екінші мақсат – біздің қолымыз жетпей жүрген осындай жобаны тиімді пайдалану. Әрбір жобаны «Шымкент инновация» бағдарламасы арқылы жүзеге асырсақ, көптеген өнертапқыштардың ісі жанданар еді».
Бақыт ТӨЛЕЕВ, Корпоративтік даму орталығы директорының орынбасары: «Теле шоу Алматы немесе Астанада түсірілетін болады. Оның барлық қаржылық шығындары жоба аясында төленеді. Сол жерде жобаны дайындаушыларға бизнес-жоспарды дайындауға көмектеседі».
Ұйымдастырушылардың түсіндіруінше, жаңа жоба көбіне еленбей, ескерілмей қалып қоятын, дегенмен болашағы зор істі бастауға жақсы мұрындық дейді. Яғни, ашқан жаңалығыңыз арқылы сіз демеуші де таба аласыз. Тың ұсынысы бар инноваторлардың жобасын жарыққа шығаруға әлі де мүмкіндігі бар. Ол үшін nif.kz сайты жұмыс істейді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZD-mZtosSgg[/youtube]