4 жасар қыздың өлтірілгені туралы ақпаратты полиция растамады

5

(Фото: instagram.com/police_shymkent)

Шымкент полициясы 4 жасар бүлдіршіннің зорланып, кейін өлтірілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Шымкент қаласында 4 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Біз азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін сұраймыз»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Еске салсақ, бұған дейін «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Telegram-каналында бүлдіршіннің зорланып, кейін айуандықпен өлтірілгені туралы жазбамен бөлісті. Бұл туралы қорға оқырманның бірінен ақпарат келіп түскен.