Расында да, Шымкенттегі көпбалалы отбасылардың баспанасы жоқ . Бірі пәтер жалдап тұрса, енді бірі туысының үйін паналайды. Өзекті мәселесін арқалап келген көп балалы аналар көп болды.
Ақгүл Қасымқұлова, көпбалалы ана:»Мені қатты мазалайтын сұрақтың бастысы-баспана. Алты баламмен бірге қайнағамның үйінде тұрамын. Біреудің үйін қашанғы паналаймыз. Кеңес алып, мемлекеттік бағдарлама арқылы үйлі болғым келеді».
Динара Тұрманова, көпбалалы ана:»Өзім 11-шағынаудандағы жатақханада тұрамын. Бес бала-шағам бар. Өте қиын. Баспасыз далада жүргендей сезінеді екенсін.»
Олыстық «Ару аналар» қоғамдық бірлестігінің басқосуында аналардың өзекті мәселері айтылды. Елбасының «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы төңірегінде көп балалы аналарға арналған арнайы жеңілдіктер түсіндірілді. Семинарға «Достық», «Азат»,»Көксайек» шағынаудандарының көп балалы аналары қатысып, көкейтесті сұрақтарын ортаға салды.
Айгерім Мықтыбаева, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тұтынушылармен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы: «Кез-келген адам біздің банкке келіп, депозит немесе арнайы есепшот ашып, үйге қаржы жинай алады. Біздің банкте «Қолжетімді баспана-2012″ бағдарламасының екі бірдей бағыты жүзеге асады. Оған әрбір қазақстандық қатыса алады».
Айта кетейік, аналардың жайын күйттейтін «Ару аналар» қоғамдық бірлестігі үнемі көкейтесті мәселелерді көтеріп, көпбалалы аналардың басын қосып отырады.
Бану Ордабаева, «Ару аналар» ҚБ төрайымы:»Мұндағы мақсат аналарға сенімді, тиімді,шынайы ақпарат беру. Біз қаланың барлық аналарын қамтығымыз келеді. Бірақ, ол мүмкін емес. Сол себепті қаладан шет орналасқан шағынаудандардың аналарын шақырып, кеңес беріп, семинар өткізіп тұрамыз. Баспана мәселесі туралы жиынымызды төрт күнге созып өткіздік».
Жиын соңында керекті ақпарат, кеңестерін алған аналар алғыс айта тарқасты.