Леңгірдің отқа жанбайтын базары бар

Ленгірде жанбайтын базар салынбақ

 

Ленгірде жанбайтын базар болады

Төлеби ауданының орталығы Леңгірде орталық базар мен автобекет құрылысы қарқын алған. 300 орындық сауда қатары іске қосылғанда 500 адамды жұмыспен қамтымақ. Ауданға арнайы іс-сапармен барған облыс басшысы Асқар Мырзахметов заманауи талаптарға жауап беретін сауда орталығының қазіргі тынысымен танысты.

Отқа төзімді құрылғылардан салынған сауда орнында сауда-саттыққа қажетті бөлімдерден бөлек, интернет кафе, балалардың ойын алаңшасы, кинозал секілді қосымша қызмет көрсету түрлері де қарастырылатын болады. Орталық базар жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Мұны көрген облыс басшысы базардың осындай жағдайда салынуы қажетін нақтылап айтты. Сол кезде ғана кешегі «Бекжандағыдай» жағдай қайталанбайды деді ол.

Бұдан бөлек, Төлебиде өзекті болып тұрған мәселе аудандық кәріз жүйесінің ескіргендігіне қатысты. Облыс жетекшілігі барған әрбір нысанда басты сауал ретінде қойылған мәселе осы болды.

Қажетті тексерулерден өткен соң, бұл түйінді де тарқатуға уәде берілді. Айтпақшы, таулы аймақтағы газдандыру ісін де қолға алу қажет. Көгілдір отынмен 80 пайыз, ауызсумен 60 пайыз қамтылған ауданға коммуналдық мәселелерін шешуде әлі де талай жұмыс атқару қажет болып тұр.