Мұғалімдер «көмек қалтасы» болудан шаршады

542
"Көмектен" ақша алғандар

Қазіргі уақытта «Көмек-2012» қорына жер-жерден қаражат аударылып, саудагерлерге таратылып та жатыр. Дегенмен, көлеңкелі тұстар да жетерлік. Мәселен, өзгелер секілді мұғалімдердің бір күндік жалақыларын қорға құюға ұсыныс жасалған болатын. Ал ұстаздардың айтуынша, олардың рұқсатынсыз кейбір мектептер айлықтарын аударып жіберген. Онсыз да бір жалақымен күн көретін мұғалімдер «көмек қалтасы» болудан шаршадық дейді.

Мектептегі мұғалімнен ақша заңсыз жиналып жатыр. Осындай шағымдар арнамыздың сайтына көптеп түсуде. Ұстаздардың ақшасынан «Бекжан» базарының саудагерлеріне көмек көрсетілмекші.

Сабира Шатарбаева өрттен зардап шеккендерге көмек қолын созуға қарсы емес. Рамазан айында қайырымды іс істеген жөн дейді. Бірақ, қазақ тілі пәнінің мұғалімі айлығы аз ұстаздардан көмек сұрағандардың әрекетіне түсінбейді.

Сабира Шатырбаева, бір күндік жалақысын қорға аударды

Сабира Шатарбаева, мұғалім:»Мұғалімдердің арасында әл-ауқаты төмендері де, көпбалалысы да, жалғызбастысы да бар. Сондықтан оларға салық сала берудің қажеті жоқ. Мектепке дайындық науқаны басталды, балаға киім керек, дәптер керек. Мұғалім бәрін ойлайды, ал мұғалімнің жоғын кім ойлайды? «

Қорға бір күндік айлықты келісімсіз аудару заңсыз. Әркім қанша, қалай көмектесем десе де өзі біледі дейді кәсіподақ төрайымы.

 

Сағира Нұрбекова, кәсіподақ төрайымы:»Әкімдер бір күндік айлығымызды аудардық дейді. Мейлі аудара берсін. Ал мұғалімге аудар деу негізсіз. Қандай апат болмасын, солар бірінші болып, аударып, бірінші болып ақша жинап береді.»

Қандай апат болмасын, бірінші болып мұғалімдер қол созып келеді. Алайда «Бекжан» базары — жекеменшік. Сондықтан жаппай ақша жинау қисынсыз дейді төрайым.

С.Нұрбекова;»Мұғалімдерден ақша жинау қашан тыйылады?»

Сағира Нұрбекова, кәсіподақ төрайымы:»Базар жекеменшік. Сондықтан бар шығынды, базар иесі өтеу керек. Өрттің алдын-алу керек. Егер, мемлкеттік мекеме болса түсінер едім. Бірінші болып, ақшамызды аударар едік. Өртке қарсы шара ұйымдастырмаған базар иесінің қателігі үшін, мұғалімдерден аұша жинауға қарсымын. Мәжбүрлеп аударып жіберу, тіптен заңсыз.»

Ал қалалық білім бөлімінің бастығының айтуынша, ешкім мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинап жатқан жоқ көрінеді.

Жанат Тәжиева, қалалық білім бөлімінің бастығы:»Ешқандай да біреуді мәжбүрлеп, ақша жинап жатқан жоқпыз. Оның бәрі бос сөз. Әркім өзінің қалауымен беріп жатыр. Ораза айы кезінде сондай игі бастаманы қоштай кеткен ұстаздарға алығыс айтамын. Өзімде бір күндік айлығымды аудардым.»

Бекжаннан нәпақасын тауып келген саудагерлер секілді, ұстаздар да табан ақы, маңдай терімен бала-шағасын асырап келеді. Алайда табысты бөлісуге мәжбүрлемесе дейді олар.
Флаги блока: