Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы «Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына» орай ұйымдастырылып отыр.
Белгілі композитор вальс падишасы Шәмші Қалдаяқовтың әндерін сондай -ақ, ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтау және оңтүстік өңірінен шыққан жергілікті композиторлардың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға 25 үміткер іріктеуден өтті.
Енді үміткерлер сахнадағы өнер көрсету реттілігін анықтау үшін жеберелеу рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен ертенгі байқауда алғаш болып өнер көрсететін Түркістан қаласының тұрғыны Сапарбеков Біржан. Ал екінші болып халық алдына Сайрам ауданынан келген Жүсіпбеков Жәнібек болып отыр.
Негізгі байқау ертең 14 тамыз Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияда сағат танғы 10-00 де өтетін болды. Ал галаконцерт пен марапаттау рәсімі 16 тамыз күні Шәмші аллеясында сағат кешкі 20-30 өетді деп жоспарлануда екен.