«Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы мәресіне жетті

464
Оңтүстікте "Менің Қазақстаным" ән байқауы мәресіне жетті

 

Оңтүстікте «Менің Қазақстаным» ән байқауы мәресіне жетті

«Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпазы — Шымкенттік әнші! Облыстың барлық аудан-қалаларының әншілері қатысқан байқау да аяқталды. Ақтық сында 25 үміткер өз өнерін паш еткен болатын. Қазақтың ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған конкурстың соңы гала-концертпен аяқталды.

Көптен күткен облыстық «Менің Қазақстаным» ән байқауы мәресіне жетті. Бас жүлдені (400 мың теңге) шымкенттік әнші Мәдіхан Дүйсеев алды. 1-орынды (200 мың теңге) Түркістанның жас әншісі Біржан Сапарбеков иеленді. 2-орынды (150 мың теңге) Шардарадан келген Азамат Қалыбеков пен Түркістанның аруы Надира Ақынбекова өзара бөлісті. 3-орынға (80 мың теңге) Бәйдібек ауданынан Ұлжалғас Темірбаева, Төлеби ауданының тумасы Мұрат Төлегенов, Ордабасы ауданының үкілеп қосқан үміті Нұрлыбай Шындалиев, Созақ ауданының өнерлі аруы Жадыра Қаражанова лайық деп табылды.

Ал арнайы жүлделерге тоқталсақ, “Теріскей” аталымын (25 мың теңге) Сарыағаштың серісі Өсербай Бөріханов иеленді. “Бәрінен де сен сұлу” (25 мың теңге) номинациясына Кентаудан арнайы келіп қатысқан “Жарқыл” дуэті қанағат тұтты. “Арыс жағасында” (25 мың теңге) аталымын шымкенттік Мадияр Ниязбеков жеңіп алды. “Қайықта” арнайы сыйын (25 мың теңге) Созақтың сұлуы Нұрсәуле Еспаева алды. Ал “Қаракөз” арнайы сыйын (25 мың теңге) Нұржан Зұлпыхаров місе тұтты. 

Қалдыбек Құранәлиев, қазылар алқасының төрағасы: “Мен байқауды әділ өтті деп еркін айта аламын. Себебі, менің өмірде туыс-жекжаттарым бар болғанымен, өнерде таныс-тамыр деген дүние жоқ. Бұл байқау басталар алдын яғни бір апта бұрын ұялы телефонымды өшіріп тастауды әдетке айналдырғанмын. Сосын байқау біткен соң ғана қосамын. Жасыратыны жоқ, мен өмірде көп қиыншылық көрдім. Сол себепті болса керек, қиындық немесе қиянат жасауды жаным қаламайды. Мәселен, кезінде сазгерлер байқауына қатыстым. Үміткерлер саны небәрі – 33 болса, маған бұйырғаны – 33-ші орын болды. Мен сонда барып, қиянатты түсінгенмін. Сондықтан, мен ешқашан таланттының сағын сындыра алмаймын. Көзі қарақты көрермен мұнда өткен байқаудың қаншалқты әділ өткенін көріп отыр. Айта өтетін маңызды жәйт, мұндағы жүлделі орындардан көрінген әрбір үміткер бас жүлдеге лайықты. Бірақ, “Жеңіс бар жерде, жеңіліс те бар” деген емес пе?! Сондықтан, барлығымыз бірауыздан тоқтамға келіп, шымкенттік өнер иесі Мәдіхан Дүйсеевті лайық деп таптық. Мәдіхан негізі өнер жолында жүрген жастардың бірі. Сондықтан болашағынан үлкен үміт күтіп отырғанымызды да жасырмаймыз. Лайым, бұл байқауға қатысқан жас әншілер өнерден өз орындарын тапсын деп тілейміз. Тек шығармашылық жолында талмай-тынбай еңбек етсе болғаны. Талаптары таудай жастарды көріп, қуанып тұрғанымды айтқым келеді”.

 

Мәдіхан Дүйсеев бас жүлде аламын деп ойламағанын айтады

Мәдіхан Дүйсеев, бас жүлде иегері: “Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жеңіске жетемін деген ой 3 ұйықтасам да түсіме кірмепті. Сондай-ақ бұл менің алғашқы жеңісім. Өте қатты қуанып тұрғанымды тағы да айтқым келеді. Өзім осы Шымкенттегі опера және балет театорының қызметкерімін. Анығырақ айтсам, өнер жолындағы адаммын. Ендігі мақсатам,шығармашалағымды бұдан әрі шыңдау”.

Біржан Сапарбеков, 1-орын иегері: “Ия, расында да бұл кеш ел есінде мәңгі сақталады деп ойлаймын. Себебі, “Шәмші аллеясында” тек Ұлы сазгердің әсем әндері шарықтауда. Мойындау керек, мен жүлде үшін қатысқан жоқпын. Қуаныштан жүрегім жарыларға шақ қап тұр, әрине. Бірақ жүлде үшін емес. Шәмшінің әндерін шебер орындағаным үшін. Анығырақ айтсам, орындай алғаным үшін. Басқа-басқа Шәмші әндерінің жөні бөлек деп ойлаймын. Қазақтың Ұлы композиторының атындағы байқау жеңімпазы атанудың өзі мені ән әлеміне тағы бір қадам жақындата түсті десем, артық айтқаным емес”.

Айта өтейік, “Менің Қазақстаным” облыстық ән байқауына өңірдік үздік деп табылған 18-30 жас ерекшелігіндегі 25 үміткер атсалысты. 2 бөлімнен құралған ән байқауының ,1-ші бөлімінде Шәмшінің әнін орыдау міндеттелді өнерпаздарға. Байқауға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының бас директоры, қазылар алқасының төрағасы Қалдыбек Құрманалиев, белгілі әнші Сейдоллла Бәйтерековтың жұбайы Ләззат Бәйтерекова, ҚР композиторлар Одағының мүшесі, әнші -композитор Құралай Сәтмұханбетова, ҚР мәдениет қайраткері Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры Ә.Нұрмаханбетов, ҚР мәдениет қайраткері, халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты Жұбаныш Жексенұлы қазылық етті. Осы орайда, қазылар алқасы өз құқығын пайдалана отырып 3-ші орынды 3 қатысушыға емес, 4 әншіге беруді дұрыс деп тапты. Сондай-ақ ережеде белгіленген арнайы сыйлықты 5 номинация бойынша 5 үміткерге беруге бірауыздан шешім қабылдады. Сонымен қоса , байқаудың бас жүлдегері жуырда Астана қаласында өтетін халықаралық «Менің Қазақстаным» байқауында бақ сынайтын болады. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=X1AgtUda-9c[/youtube]