Мердігер мектеп құрылысы барысында жіберген кемшіліктерін түзетуде

530

№24 мектептің алдына осы білім ордасының өкілдері, құрылысты жүргізген мердігер компания мен техникалық қадағалау мекемесінің мамандары жиналды. Құрылысшылар мектеп қабырғасы мен іргестасының түйіскен жерін еңіс етіп бетондаған. Енді жауын-шашында жертөлеге су жиналмайды. Екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген мектептегі кемшіліктерді мердігердің өзі жасырмайды.

Нұрлан Бекембаев «СК РеалСтрой» ЖШС директорының орынбасары: «Құрылысты  жобалық-сметалық құжатқа сәйкес жүргізгенбіз. Барлығы  дұрыс болатын. 2 жылда кемшіліктер орын алыпты. Олардың бірі-температуралық шовтар жарылған қазір барлығын жасап қойдық».

Бұған қоса мектептің жылыту жүйесінде ақау бар. Өткен қыста екі блокта жылу мүлдем болмапты.

Бекзат Ториев, «Конструктор-80» ЖШС-нің директоры: «Мектеп пайдалануға берілген соң, бұрынғы мектеп басшысы жылу мен электр жарығын қадағалауға жауапты қызметкерлерді бекітпеген. Сондықтан жылыту беру масымында жүйеге 7 атм. қысым берілген. Ол ақаулардың  орын алуына есптігін тигізген. Норма бойынша 3-4 атм. қысым берілуі тиіс болатын. Енді жаңа басшы осы кемшіліктерді түзеу бойынша барлық қолынан келген амалдарын жасауда».

Қазбек ҚАЛДАРОВ, №24-ші орта мектептің сантехнигі: «Мына мәжіліс залында батарейлер жетіспейді, салқындатқыш та жұмыс істемейді. Осылайша жалғасса, биыл да жылу болмайды».

Білім ордасында атқарылатын жұмыстар тізімін мектеп басшысы жазбаша түрде мердігерге де, жергілікті билікке де жеткізген. Содан болар, құрылысшылар жіберген қателіктерін түзеуге мәжбүр. Алайда, әр қабаттағы шыны қоршауларды алмастыру мүмкін болмай тұр. Себеп — жобаға енгізілмеген дейді мердігер. Дегенмен, осы мәселелерге қарамастан оқушыларды сыныптарға қабылдау жалғасуда.

 Жанар Биқожаева, №24 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: «Оқу жылы аяқталысымен бала бақшаларда ашық есік күнін өткіздік. Соның нәтижесі болар, қазіргі таңда 4 қазақ сыныптары  және 2 орыс сыныптары ашылмақ. Онда 20-25 тен оқушы  дәріс алады. Жалпы бүгінгі күнге 850 оқушы оқиды деп тіркелді».

Былтыр мектепте 500 оқушы дәріс алған, биыл олардың саны 900-ге жетеді деп күтілуде. Ал егер құрылысшылар өздерінің міндеттерін орындаса, 1200 балаға шақталған бұл мектептің құрамы толығып қалуы да мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=40FtEtjKnGM[/youtube]