Мердігердің салғырттығы әшкере болды

Бірқатар мердігерлер салғырттыққа салынып, талаптың үдесінен шыға алмай жатыр. Құрылысшылар мұндай қулығын жаңадан бой көтерген мектептерде жасаған. Оған облыстық мәслихаттың депутаттары Шымкенттегі әлеуметтік нысандарды аралау кезінде көз жеткізді. Халық қалаулылары жылу жүйелерінің құрылысын да қадағалап қайтты.

Қыстың көзі қырауда, ал күз болса таяп қалды. Халық қалаулылары жергілікті жұрттың қамы үшін қаладағы жүргізіліп жатқан жылу жүйелерінің барысымен танысты. Асқаров көшесіндегі магитральдің құрылысы тәмамдалған. бірақ асфальт жолға айтарлықтай залал келген. Депутаттар мұны да назардан тыс қалдырмады.

Бұдан соң тексеруші топ Тельман бөлімшесіндегі Спандияр Көбеев атындағы мектепке бас сұқты. Жаңа нысанның сапасы сын көтермейді. Қазірден қабырғасы қақырап, төбесі түсе бастаған. Едендегі төсеніштер қисық қыңыр орналастырылған. Бір сөзбен айтқанда, мердігер мектеп құрылысын салғырт жүргізген. Мұны қадағалайтын қалалық құрылыс бөлімінің қағанағы қарқ, сағаны сарқ.

Мердігердің салғырттығына көз жұмып қарай берген. Енді келіп, бар кемшілік түзеледі деп сендіргісі келеді. Ал Асар шағынауданындағы мектептің құрылысы көз қуантады. Мердігердің бұл жолы намысқа тырысқаны көрініп-ақ тұр. Енді іске жүрдім-бардым қарағандар ешқандай тізімге қатыспайтынына уәде берем деді облыстық мәслихат хатшысы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NT-b0rCB_KY[/youtube]