Оңтүстікте жем бағасы қымбаттады

Оңтүстікте мал азығы күрт қымбаттады. Базар сөрелерінде қазір бидай келісі 53, кебек 24, жүгері-63, жарма-40 теңгеден сатылуда. Еске салсақ, осыдан үш күн бұрын нарықта жем бағасы бұдан 10 теңгеге арзан болатын.

Сатушылар болса, тауар бағасын көтермегендерін айтып ақталады. Бұл былықты жасап отырған пайдаға белшеден батқысы келген жергілікті шаруалар мыс.

Баға жекелеген шаруалардың қолы арқылы көтеріліп жатқанын облыстық ауылшаруашылық басқармасының мамандары да нақтылады. Қазақстанның астықты аймақтарынан облысымызға мал азығы келмейінше, фермерлер қымбат жемді алуға мәжбүр. Десе де, өңірді ет және сүтпен қамтамасыз ететін ірі фермалар үшін жем-шөп жеткілікті дегенді айтады басқарма мамандары. Ал оған дейін солтүстік аймақтағы әріптестермен жасалған жем келісімі қолжетімді бағада жүзеге аса бастауы тиіс. Бұдан өзге, осы фермерлерге 50 мың тонна кебек берілетін болады.

Полатбек ТАСТАНОВ, Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары: «Биылғы жылғы нан өнімдерінің алдын-ала қымбаттамау жолын қарастыру мақсатында біз «Азық-түлік» келісім-шарт корпорациясымен өзіміздің ішкі мүмкіншіліктерімізді толық ескере келе, ол жаққа қосымша 202,4 тонна астыққа меморандумға тұрдық. Егер оны ұңға шақсақ 147 мың 200 тонна болады, кебекке шақсақ 51 мың тоннадан астам. Оның ай сайын берілетін көлемі 17 мың тонна. Біз тамыз айына керекті астықты корпорациямен келісімге тұрып, 8 мың тоннадай астықты алып қойдық».

Нан мен жем бағасын қалыпта ұстау үшін облыста арнайы келісім кеңесі құрылған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Lh2H4SyzLoA[/youtube]