«Бізді кез келген жерден тамашалаңыз». «Отырар» телеарнасының тұрақты көрермендері үшін жағымды жаңалық. Енді Сіз сүйікті арнаңызды әлемнің кез келген түкпірінен тамашалай аласыз.

Ол үшін арнамыздың жанындағы www.otyrar-tv.kz/kaz/ сайты өз көрермендеріне арнап, «онлайн» жүйесін іске қосты. Арнамыздың ғаламторға тарағанына 2 айдың жүзі енді болса да, «Отырар» телеарнасының ақпараты арқылы жаңалықтан хабар алғандардың саны артып келеді.

Ауылы шалғай болса да, «Отырарды» іздеп жүріп тамашалайтын көрерменнің бірі  Шахсонам Чинкарова. Мемлекеттік қызметкер күн сайын жұмысына асығып келеді. Ішкі ойы – сүйікті арнасынан берілетін бағдарламасын жіберіп алмай, ғаламтор арқылы тамашалау. Сайрам ауданының тұрғыны «Отырар» телеарнасын үйде теледидардан көре алмайды, өйткені жұмысбасты арудың уақыты аз.

Шансонам ЧИНКАРОВА, Сайрам ауданының тұрғыны: «Телеанадан онлайн жүйесі іске қосылғалы, ақпараттарды үзбей көруге мүмкіндік алдым. Ауылымыз шалғай ғой, кейде «Отырар» арнасы көрсетпей қалады. Ал қолымда ғаламтор бар. Демек, ақпаратты кез келген жерден біле аламын».

Жұмысбасты, ауылында «Отырар»телеарнасы көрсетпейтін көрермен қазір шұғыл және анық ақпаратқа қол жеткізу үшін ғаламтордан «Отырарды» іздейтін болған. Ол үшін жеке компьютеріңіз бен интернетке қосылған жүйеңіз бар болса болғаны, арна сіздің құзырда.

Арайлым БЕКСЕЙІТОВА, www.otyrar-tv.kz/kaz/ сайтының редакторы: «Әрине, теледидар анттеннасы дұрыс орнатылмаған, жалпы біздің арна дұрыс ұстамайтын ауылдарға біздің бұл жүйеміз жақсы көмегін тигізеді. Біздің көрермен – ауылда. Сондықтан арнамыздағы түрлі тақырыпта жасалған бағдарламалардың бізді тамашалағысы келген көрерменге жеткеніне қуаныштымыз».

Айтпақшы, онлайн көрермендер үшін арнайы чат та жұмыс істейді. Онда сіз тамашалаған ақпарат туралы пікіріңізді жазуға да мүмкіндігіңіз бар. Қысқасы, ғаламның қай қиырында жүрмеңіз, желідегі «Отырар» сізді нақты ақпараттармен сусындатуға дайын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uy3TcH5tWiQ[/youtube]