Парталар мен тақталар талаптарға сай болуы тиіс

1213

1-ші қыркүйекте бұл бөлмеде 4-ші сыныптың оқушылары сабақтарын жалғастырады. «Барына қуанатын» мектеп ұжымы сыныптарды оқу жылына дайындауға тырысыпты.

Дильмира САЛИМОВА, №3 Ұлықбек атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: «Сыныптағы тақтамыз бастауыш сынып оқушыларына жазуға және есеп шығаруға ыңғайластырылған. Парталарымыз да қолайлы.Орындықтарды қозғалтуға болады.Менің сыныбымда көзі нашар көретін және құлағы нашар еститін балалар бар, сондықтан оларға жағдай жасап, алдыңғы жаққа орналастырамын».

Өткен жылы сыныптарды оқушының жас ерекшелігіне сай жабдықтауды нақтылайтын «Санитарлық ереже талаптар» қолданысқа енгізілген. «Гигиеналық талаптар дұрыс сақталмаса жеткіншектің енді өсіп келе жатқан сүйектері бұзылып, денсаулыққа зиян келеді. Сондықтан да оқушылар отыратын орын және де өзге арнайы жабдықтар талаптарға сай болуы тиіс»- дейді сала мамандары.

Айнагүл ДОСОВА, Абай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы: «Тақтаның  түсі  жасыл не қоңыр болуы тиіс.  Қара түс рұқсат етілмейді. Тақта   алдағы қатардағы парталардан  2,5-2,7 метр қашықтықта болуы керек».

Пайдалануға өткен ғасырдың 70 жылдары берілген №3 мектептің жабдықтары келер жылы күрделі жөндеу барысында түгел жаңаланады деп күтілуде. Ал әзірге:

Күләш Керімбаева, №3-і Ұлықбек атындағы мектептің шаруашылық меңгерушісі: «Былтыр  2 млн.-ға  үстел мен орындықтар сатып алынды. Біз  қалалық білім бөліміне тапсырыс береміз.Оның негізінде мүмкіндік болса , бізді олар қажетті  құрал -жабдықтармен  қамтамассыз етеді».

№2-ші дарынды балаларға арналған мектеп-интернат заман талабына сәйкес жабдықталған. Мұнда оқушының білімін шыңдау үшін мультимедиа сыныптары да қарастырылыпты. Жағдай жасалған білім ордаларында баланың үлгерімі  де жоғары болары анық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PPeZOage-uI[/youtube]