Сарыағаш аудандық қылмыстық қудалау органдары биылғы жылдың 1 жартыжылында ҚР ҚІЖК-нің 132-бабы талабына сай сезікті ретінде жалпы 48 тұлғаны ұстаған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 адамға көп. Оның ішінде 2-еуі жасы кәмелетке толмағандар және 1-еуі әйел.
Осы мерзім аралығында аудандық прокуратурамен және сотпен тергеушінің 44 айыпталушыға қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қозғалған өтініші қанағаттандырылған, 1 айыпталушыға қатысты үйде қамап ұстау туралы бұлтартпау шарасын қолданылып, 4 айыпталушыға қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қозғалған талап тілек прокуратурамен қолдаудан бас тартылған. Яғни Сарыағашаудандық ІІБ—ның тергеушісі Б. Рахымбековпен 29-наурызда ҚР ҚК—нің 175—бабы 2—бөлімімен айыпталған Ю.Г. бас шарасын қамауға алу туралы сот алдына қозғаған талап тілегі аудан прокуратурасы тарапынан қолдау таппады. Себебі, 29-наурыз күніМ.Дүйсебаев аудандық прокуратураға өзін және жолдастарын аудандық ІІБ—ның бір топ қызметкерлері осы жылдың 26-наурызда ұстапалып кетіп, қызметтік бөлмесінде ұрып—соғып, бастарына полиэтилен пакетін кигізу арқылы тұншықтырып, электрошокты денелеріне басып күйдіріп, А.Алтыбаевтың 2 дана аккумуляторының ұрлану қылмысы, О.Есенбековтің 2 бас қойыменТ.Мырзабековтің 2 дана аккумуляторының ұрлану қылмыстарын мойындатқызғандығын айтып арызданған. Сот—сараптама қорытындысына сәйкес М.Дүйсебаевтың денсаулығына және оның жолдастарына «жеңіл» дәрежелі залал келтірілгені анықталды.
Жинақталған құжаттар және М. Дүйсебаев және оның жолдастарының арыздары бойынша Сарыағаш аудандық ІІБ-ның полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 141-1 бабы 2-бөлімі «а» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасына жолданған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеу амалдары аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жіберілген.
Мұндай жағдай 1989 жылғы А.А. деген азаматты ұрлауға байланысты қозғалған қылмыстық істе де кездескен. Полиция бөлімінің тергеушісі Ж.Тасполатов күдікті А. А.-ға ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-бөлімінің «б» тармағымен айып тағып, айыпталушыны қамауға алу туралы аудандық №2 сот алдына оны санкциялау жөнінде өтініш қозғаған.
Аудандық прокуратура тергеушінің талап-тілегі бойынша қылмыстық іс құжаттарын зерделеу барысында, жәбірленушіні бас бостандығынан айыруға бағытталған іс әрекеттері іс құжаттарымен толық бекітілмегені, жәбірленуші айыпталушы А.А.-ның нақты қылмыстық әрекетін көрсетіп бере алмағаны және тану барысында оның қатысқандығын бекіте алмағандығы үшін, айыпталушыны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі талап-тілегі прокуратурамен қолдаудан бас тартты.
2012 жылдың 6 айында Сарыағаш аудандық соты айыпталушыларға қатысты ҚІЖК-нің 150-бабы талабына сай қолданылған қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы сот ісін жүргізу барысында 10 айыпталушы қамаудан босатылып, қамаумен байланысты емес жаза қолданылды.
Сонымен қатар, Сарыағаш аудандық прокуратурасы тарапынан аудандық МСЭҚБ, төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының қатысуымен Сарыағаш АІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына тексеру жүргізілген.
Тексеруде Сарыағаш АІІБ-ның УҰИ-ның санитарлық жағдайы қанағаттандырғысыз, атап айтқанда, күнделікті тазалау, жуу жұмыстары жүргізілмегені, әжетханаға, қол жуғышқа, тамақ ішетін столдарға, терезе алдына дезинфекция жасалмағаны, яғни «Келес-Дезинфекция» ЖШС-мен түзілген келісім шарт орындалусыз қалып, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің және ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылдың 11-мамырындағы «Залалсыздандыру жұмыстарын жетілдіру туралы» бұйрығының талаптары бұзылғаны, алғашқы өрт сөндіру балонының оқпасы жарамсыз және ғимараттың ағаш құрылыс материалдары арнайы өртке қарсы сұйықтықпен өңделмегені анықталды.
Сарыағаш аудандық прокуратурасы аудандық ІІБ-ның бас есепшісінің міндетін атқарушы Г. Акитоваға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 323-бабы 1-бөлімімен, 312-бабы 1-бөлімімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы қозғап, әкімшілік айыппұл салды.
2012 жылдың бірінші жартыжылында аудандық ІІБ мен полиция бөлімінің ғимараттарының қызметтік бөлмелерден 3 сағаттан артық заңсыз ұсталып отырған 10 азамат анықталып босатылды.
Тіпті, биылғы жылдың 3-маусымы күні аудандық прокуратураның кезекші прокуроры аудандық ІІБ-сы Абай полиция бөлімі ғимаратындағы қызметтік бөлмелерін тексеру барысында 5 азаматтың заңсыз қамауда отырғанын көрген. Олар 2-маусым күні сағат 19:00-де күдікті ретінде ұсталып, полиция бөлімінің ғимаратына жеткізілген екен. Жеткізілген тұлғалардың бас шараларын ҚР ҚІЖК-нің талаптарына сай 3 сағат ішінде шешпей, КПБ-нің бастығы Ж. Есенбаев өз қызметтік бөлмесінде 16 сағат заңсыз ұстап отырғаны анықталып, аталған азаматтар кезекші прокурор қаулысымен қызметтік бөлмеден босатылды.
Орын алған заңбұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасымен Сарыағаш аудандық ІІБ-на заңбұзушылықты жою және кінәлі тұлғаларға қатысты тәртіптік шара туралы ұсыныс жолданды. Қазіргі таңда қаралуда.
Қанат Елшібаев, Сарыағаш ауданының
прокуроры