Ресейден инвестиция тартылуда

218
кездесу барысы

Облысқа шетелден инвестиция тарту. Дәл осы мақсатта еліміздегі Ресейдің елшісі Виктор Завьялов бастаған арнайы делегация өңірімізге табан тіреді. Қонақтар облыстағы үлкен сауда орындары мен индусриялық аумақты аралады. Жергілікті кәсіпкерлерге көмек беріп, бизнесін жандандыру үшін ресейлік қонақтар қаржы құюға дайын. Алайда, бірқатар мәселелерді шешіп алу қажет дейді.

Виктор Завьялов, Қазақстандағы Ресейдің бас елшісі: «Біздің және сіздердің әкімшілік тарапынан сауда қарым-қатынасымызға байланысты қанағаттанарлықтай жауап жоқ. Сіздер өз қазандарыңызда өздеріңіз қайнап жатсыздар. Бір-біріңізге демеу бересіздер. Сонда да ақпараттық кезең керек».

Делегация аралап жүріп, инвестиция құюға болатын жобаны таңдайды. Екі жақты сауда-саттық және туризм, сондай-ақ өндіріс саласында байланыс жасалмақ. Ресейліктердің назарына алғашқы ұсыныстар да түсті. Делегаттарды әсіресе, сауда логистикалық орталығының жобасы қызықтырды. Оның жалпы құны — 270 млн. доллар.

Жанболат Мелдешов, ОҚО кәсіпкерлік және өндірісті дамыту департаменті бастығының орынбасары:»Кездесудің нәтижесінде үлкен жобалық бастамалар болады деп сенемін. Бізде қаржыландыруға лайықты кәсіпорындар жетерлік».

Өңірімізде қаржы құюға лақты сауда нысандары көп. Заңды түрде тіркелген 134 197 шағын және орта бизнес орталықтары бар. Айта кетейік, Қазақстан мен Ресейдің биылғы өзара сауда-саттық айналымы 8 928 млн. долларды құрап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gbAahoWVn-c[/youtube]