Шымкентте жарылыс болды

285
Чапаевка
Чапаевка тұрғындары үнсіздік танытпақ

Чапаевка елдімекеніндегі жарылыстан Ресейлік азаматша жарақат алды. Мұндағы төтенше оқиға туралы суыт хабар алған террорлық әрекетке қарсы орталықтың мамандары мен полицейлер сол маңды қоршап алған. Дегенмен, жергілікті тұрғындар арасында абыржу байқала қоймады.

Болған жайдан кейін мұндағылар әлі де есеңгіреп қалғандай. Күні кеше дәл осы маңда қолдан жасалған зат жарылған. Ал бүгін мұнда тыныш, көше тұрғындары жарылыс жайында жақ ашпайды. Тек, балалы үйдің ұрлығы жатпайды дегендей, кішкентайлар ғана көрген-білгенін айтып жатыр.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полицейлер, дәрігерлер мен саперлер жиналып қалған. Полицейлердің мәлімдеуінше, бұл жайт орынсыз әзілге немесе кек алуға ұқсайды. Бірақ үй қожайыны болған жайдан қорқып та, сескеніп те қалмаған сияқты.

Чапаевкадағы жарылысты ұйымдастырған күдікті іздестірілуде

Ал жарылыстан жапа шеккен азаматша Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Оның халі ауыр. Дәрігерлер ота жасап, табанын тігіп берді.

Әлішер Шоманбаев, Шымкент қ. жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі: «Сағат күндізгі екілер шамасында 1990 жылы туылған науқас келіп түсті. Жарылыстан оң аяқ табанына зақым келген. Ота жасап, табанының сақтап қалуға мүмкін болған негізгі бөлігін аман алып қалдық. Барлық қажетті ем-дом жасалынды. Таңға жуық науқастың жағдайы тұрақтанды».

Ресми жауапты орындар әзірше ешқандай мәлімет берген жоқ. Қазір тәртіп сақшылары жарылысты ұйымдастырған күдіктіні іздестіріп жатыр.