Елбасының «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар легі ауқымды. Біздің облыстың да қара халықты жұмыспен қамту, қайта даярлай шаралары өз дәңгейінде атқарылып келеді. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы Дәуренбеков Жадыра Қожатайұлы хабарлады.
2011 жылы Президентіміздің жолдауында Елбасымыз өкіметке тікелей тапсырма берген болатын. Онда 2020 жылы халық толғымен жұмыспен қамтылсын делінген. Осы бағдарлама аясында қаламыздың бес мыңға жуық тұрғындары жұмыспен қамтылды.
— Қалалық әкімшілікте өткен алқалы жиында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы өз деңгейінде жұмыстар атқарып жатқан жоқ деген пікірлер айтылды. Бұған не айтасыз?
— Сын түзелмей мін түзелмейді. Рас, олай айтуға негіз бар. 2012 жылға біздің орталық 10 мыңға жуық қала тұрғындарын түрлі жұмыстармен қамтысақ деген жоспарымыз бар. Әлеуметтік жұмыстарға 1367 орынды дайындаған болатынбыз. Ал бүгінгі таңда 7 айдың қорытындысы бойынша бұл бағдарламаны біз 3007 адамға көбейтіп отырмыз.
Жастар практикасы бойынша жылдық тапсырма 1884 орын болса, оныда 2072 көрсеткішке көтердік.
— Жұмысқа қабылдану үшін қандай құжаттар тапсыру керек?
-Біздің орталықта біліктілігін арттыру, қайта даярлау, кәсіби оқыту бойынша түрлі бағытта оқулар бар. 2012 жылға 1640 адамға тапсырыс берілген болатын. Соның 810 оқытып шығарып, 4 жақты келісім негізінде жұмыспен қамтыдық. Енді 1 қыркүйектен бастап 830 азаматты жоспар бойынша оқытуымыз керек. Бұған жоғары арнайы білімі жоқтарды қабылдай береміз. Біздің орталыққа келгенде егер бар болса, дипломын, еңбек кітапшасын, жеке куәлігі, СИК, СТН салық төлеуші нөмірімен тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтамамен келіп тіркеледі. Содан кейін біз оны таңдаған мамандығы бойынша оқуға жібереміз. Біздің мекен-жайымыз Шымкент қаласы, Алдияров көшесі №10 үйдің 3- ші ғимаратында орналасқан.