Түркістандағы ескі қоймаға су келеді

939
Су қоймасы

Түркістан ауданына қарасты Майдантал ауылының тұрғындары осылай деп қуануда. 40 жылдан бері қурап тұрған тоғанды жөндеу үшін қомақты қаржы да бөлінген. Жағымды жаңалыққа қуанған ауыл тұрғындары жөндеу жұмыстарына өздері де белсене кірісіп кеткен.

Кеңес Одағы кезінде бірнеше мыңдаған гектар егісін өндірген Майдантал мен Қаражон ауылының диқандары соңғы жылдары тозығы жеткен су қоймадан су ала алмай жүрген болатын. Қажетін алып, қалғанын сақтай білетін су қойманың шұңқырлары көбейіп, жағалаулары жарылған. Майдантал су қоймасына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу нәтижесінде ысырапшылдықтан үнемділікке қол жеткізіліп отыр.

Бектемір Тоқбаев,ауыл тұрғыны:»Біз мынау Майдантал Қаражон ауыл тұрғындары осы су қоймасынан егіс егіп, пайдаланып өмір кешіп жатқан елміз. 1974 жылы басталып 1975 жылы ремонты аяқталған бұл тоған содан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Табиғатты қорғау мекемесі жақсы жұмыс жасап жатыр. 1,5 айда болды. Біз де қуанып жатырмыз егісімізді егеміз деп».

Бұл су қойма 2011 жылдың қараша айынан бастап «Табиғатты қорғау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының меншігіне өткізілген. Сол уақыттан бері халықтың игілігіне пайдалану үшін жөндеу жұмыстары қолға алынған. 240 миллион теңгелік жобалық құнынан 31 милион теңге үнемделіп, облыстық бюджеттен қаралған 209 миллион теңге қаржыға күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді «Табиғатты қорғау» мекемесіне жүктеген.

Сүндет Жүнісбаев,жұмысшы:»Түркістан қаласы Майдантал ауылының су қоймасын жөндеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. 1300 куб бетон қабылдадық. 600 метр үстіңгі қабатын бітіп енді екінші қабатын істеп жатырмыз. Жататын орын, 3 мезгіл тамақ жақсы. 120-130 мың теңге көлемінде айлық алып жатырмыз істегенімізге қарай».

Су қойманың жағалауларын бетондаумен қатар, дамбалары да көтеріліп жатыр. Бүгінгі таңда жұмыстың елу пайызы аяқталған. Ауыл тұрғындары да жұмысқа тартылыпты.

Жеткізген Төлепов, бригадир:»Жұмысшылар ауыл тұрғындарынан он шақты, қалғаны Қазығұрт Шардара аудандарынан алынған кәсіби бетоншылар арматурщиктер. 30 адам 8 техника жұмыс жасап жатыр. Қазан айында бітіреміз деп жоспарлап отырмыз».

Су қойманың жөндеу жұмысы толық аяқталғаннан соң келесі жылдың көктеміне дейін онда су жиналатын болады. Егіннің жаңа науқанынан бастап ауылдағы төрт мыңнан астам халықтың игілігіне пайдаланылмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cr1tm1w_VT0[/youtube]