Жайқалған ағашты коммуникация жүйесі алмастырды

272
жасыл желек жайпалып жатыр

2012 жылы елімізде 12 бірдей «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта осындай 6 мектепте ұл-қыздар білім алуда. Ал Шымкентте салынып жатқан 2 зияткерлік мектептің бірі биыл пайдалануға берілуі тиіс.

Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы Шымкентте былтыр басталды. Ауқымды құрылысқа қаржы республикалық бюджеттен бөлінген. Бұрынғы Қайтпас-2 яғни, Ақжайық шағынауданынан орын тепкен нысан жоспар бойынша биыл 1-қарашада аяқталуы керек.

Еліміз бойынша үшінші қала атанып отырған Шымкентте мұндай мектептің орын көтеруі орынды-ақ. Алайда, онсызда экологиялық дағдарысты басынан кешіріп отырған Шымқаладағы жасыл желекті кесіп, орнына коммуналды жүйені жүргізу орынды ма?

Жасыл желекті желкесінен қиып, орнын таптап тастаған тірлік кез-келген адамның көңіліне қаяу ұялататыны анық. Өйткені, сол тал-дарақ, көшеттерді отырғызып, көріктендіру үшін де уақтысында қомақты қаржы бөлінген. Бүгінде жайқалған ағаштар тамырымен қопарылуда. Жауаптылар бұл ісіне шаң жуытар емес. Барлығы да келісілген, дейді.

Нұржігіт Адрахманов, қалалық коммуналды шаруашылық және көріктендіру бөлімінің бас маманы:»Барлығы келісіліп істелген жұмыс. Енді бұл мұқтаж болып тұр ғой. Мектеп салынып жатқан соң, коммуникация жүргізілуі керек».

Жұмыстардың әкімшісі саналатын қалалық коммуналды шаруашылық және көріктендіру бөлімі мамандарының айтуынша, зияткерлік мектебінің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер «Отау строй» құрылыс компаниясы кесілген әрбір ағаштың орнына бір емес, үш түптен, тіпті бес түп ағаш отырғызып береді деп басу айтты.

Нұржігіт Адрахманов, қалалық коммуналды шаруашылық және көріктендіру бөлімінің бас маманы:»Төлеметов көшесінің бойынан зияткерлік мектепке қарай коммуникациялық жүйелер жүргізілуі себебінен 25 түп ағаш кесілген. Бірақ, мердігер компанияның есебінен осы жұмыстар аяқталған соң әрбір түп ағаштың орнына декаративный ағаш егілетін болса, кемінде үш түптен, ал қаратал секліді ағаштар болатын болса, кемінде бес түптен егіп беруі керек.»