Жапандағы қуаң далада алма бағы жайқалып тұр

алма бағынан жеміс алатын кез алыс емес

Ордабасы мәуелі баққа айналады. Енді бірер жылда мұнда алманың түр-түрі өндірілетін болады. Қазір көгеріш бойын тіктеп, дарақтар тамырланып келеді. Тамшылатып суарудың арқасында құмды жерде мәуелі бақтың еш қиындықсыз бой көтеріп келе жатқанына көпшілік таңдай қағып отыр.

Мәселен, Бадам ауылдық округіндегі аты аңызға айналған Керемет Центрдің мәуелі бағы. Мұнда қазір тамшылатып суару интенсивтік технологиясын ендіру арқылы 80 га жерде алма бауы жайқалып өсіп тұр. Қазір 16 мың түп алма ағашы, 6 мың түп қара өрік көшеті көгеріп тұр.

Ал Қараспан ауылында тіптен 107 гектарға алма ағашы егіліпті. Мұнда да тамшылатып суару жүйесі қолға алынған. Асықата құрылыс ЖШС аталмыш жобаға 200 млн. теңге жұмсапты.

Серіктестік басшылығы өнім беретін кезеңде 1000 тонна жеміс тосабын өндіріп, 1000 тонналық қойма салуды жоспарлап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=18sy_z5_zOs[/youtube]