Түркістан тыныштала бастады

Подпись к снимку
Түркістандағы қылмыстық жағдайларға қарап бұған дейін «түнде Ауғанстанға айналады» дегеніміз бар

Естеріңізде болса, Түркістандағы қылмыстық жағдайларға қарап бұған дейін «түнде Ауғанстанға айналады» дегеніміз бар. Дегенмен, Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына полковник Серік Шалқаров басшы боп келгелі қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу ісі жандана түскендей. Оған төменде келтіріліп отырған деректер дәлел бола алады.

Бұл қылмыс үстіміздегі жылдың сәуір айында орын алған болатын. Ішкі істер бөлімінің мамандары ізін суытпай кірісе отырып, істің ақ-қарасын анықтап отыр. Бұл оқиға былай болған еді: 16 сәуір күні Түркістан қалалық ІІБ-ның кезекші бөліміне Түркістан қаласы Бірлік ауылындағы «Арыс-Түркістан» каналында белгісіз азаматтың мәйіті жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Тексеру барысында каналдағы суға тасталған Кентау қаласының Ы. Алтынсарин көшесіндегі 10-үй, 6-пәтер тұрғыны 1958 жылы туған Кембаев Алпысбайдың мәйіті екені анықталды. Қаза болған А. Кембаевтың мәйітін қарау барысында мойын аумағын жіппен қылқындырылған ізі және іш тұсында 8 см. шамасында кесіліп тесіп өткен жарақатының бар екені анықталған. Сонымен қатар, белгісіз азамат жәбірленушінің автокөлігі мен ұялы телефонын алып кеткені де анықталған.

Сондай-ақ өзіне сеніп тапсырылған бір бас құлынды биені сатып талан-таражға салғаны да тергеу барысында белгілі болды. Қолданылған шұғыл шараның нәтижесінде Түркістан қаласы Бірлік ауылының тұрғыны 1981 жылы туған Өтегенов Бекболат екендігі анықталды. Аталмыш оқиғалар бойынша ҚРҚК-нің 96-бабы 1-бөлігімен, ҚРҚК-нің 179-бабы 2-бөлігі «г», «д» тармақтарымен қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа өткізіліпті.