Жаңалықтар 

Қарттар мен мүгедектер үйінде жаңашылдық көп

Қарттар мен мүгедектер үйіне 4 массаж орындығы сатып алынған

Қазақ халқы жетім-жесірін қорғансыз қалдырмай, қарттарын қадірлей білген халық. Соңғы кездері қамқорлық көрмеген қарттарымыз балаларының жүрексіздігі туралы зарын кімге айтарын білмей, қарттар үйінен орын тауып жатқан жайы бар. Облысымыздағы Қарттар және мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекеме бүгінде 265 адамға өз үйіндей орын болды. Қарттарға дәрігер арнайы тағайындаған массажды өз ісінің маманы жасайды. Мұндағы жаңалықтардың бірі – жақында 4 электрлі орындық сатып алынды. 2 жұмсақ орындық пен айналмалы үстел бел-омыртқа және түрлі жүйке ауруларын емдеуге сеп болады дейді дәрігерлер. Осында өмір тәлкегімен тұрақты пана тапқан қариялардың бірі – Өмірәлі ата. 72 жастағы қарт осы бір құрылғылар игілігімізге берілгелі денсаулығымыз жақсарып қалды дейді.

Өмірәлі Бектасұлы: “Мойным ауырып, белім сыздап, остеохондроз деген еді дәрігер міне мынау “Нуга Бест” массажына келіп, сергіп қалдым. Рахмет жағдайымыз жақсы”.

Тіс емдеу кабинеті жақында іске қосылды

 

Ал мына тіс емдеу кабинетіндегі де жабдықтардың барлығы жаңа. Арнайы лицензия алынып, енді қарттартың тісіне протезді өзіміз саламыз дейді мамандар. Мұнымен қоса қарттар мен мүгедек жандар емдеу-дене шынықтыру залында орнатылған құрылғыларды пайдаланып, денсаулығын оңалтады.

Нұргүл Дәрібаева, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме бастығының орынбасары: “Мекемеміз медицинаға бағытталғандықтан, оңалтуға көңіл бөліп келеміз. Жақында масаж кабинеттеріне жаңа құрылғылар алдық. Стаматологиялық кабинетіміз ашылды. Емдеу-дене шынықтыру залдарымыз түрлі тренажерлермен жабдықталған. Дәрігердің тағайындауымен, медбике бақылап, оңалту жұмыстары жүргізіледі”.

Соңғы уақытта материалдық-техникалық жабдықтары біраз жаңарып қалған мекемеде бүгінде 268 адам бар. Арасында 3 ҰОС-ның ардагері жүр. Олардың жасы мен денсаулық жағдайы ескеріліп, әлеуметтік-тұрмыстық бөлмелер де ашылмақ. Диеталық тағамдар мен ағза мүшелерін емдейтін сусындар әзірленген. Бір сөзбен айтқанда мұндағы қарттарға қолдан келгенше жағдай жасалған. Олардың денсаулығын күтетін медбикелер де құрақ ұшып жүр. Алайда, өз үйіндегідей болмасы анық. “Қарты бар үй қазыналы” деген дана қазақтың бүгінгі ұрпағы өз қартын жетімсіретпесе болғаны.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz