Қандай аң атуға болады?

Қандай аң атуға болады?
Қандай аң атуға болады?

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 2012-2013 жылдары жабайы жануарларды аулауға күзгі-қыста аң аулау мерзімі ашылғаны белгілі. Осыған орай, қандай аң түрлерін, қай кезде атуға болатынын білесіз бе?  Қазақстан Республикасының аумағындағы аң аулау ережесіне сәйкес және ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 3 желтоқсандағы №1727 «Жануарлар дүниесі обьектілерін алып қоюға 2012 жылға арналған лимиттерді бекіту туралы» қаулысын, ОҚО Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшылыққа ала отырып, 24. 07. 2012 жылғы №34-Ө бұйрығы негізінде  төмендегі аң түрлерін атуға рұқсат беріледі.

 

 

 

Естеріңізде болсын! Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 298-бабымен АЕК бойынша белгіленген мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың 2-1 бөлігінде заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет елеулі залал келтіріп жасалса, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

Тауға шығып немесе аңшылық жасайтын алқаптарда аң аулағыңыз келсе арнайы рұқсат қағаздарын (лицензия) беретін мекемелерден рұқсат қағазымен жолдамасын алып, аңшылық жасағаныңыз жөн.

Марат Шымырбеков,
ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы