Үздік ұстазға қала әкімі құрмет көрсетті

335
Қала әкімі Қайрат Молдасейтов үздік ұстазды құттықтады
Қала әкімі Қайрат Молдасейтов үздік ұстазды құттықтады

Мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында өткен республикалық форумда шымкенттік ұстаз үздік атанып, қомақты қаржыны ұтып алған болатын. Қаламыздағы №38 Нұртас Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясында қызмет ететін Гүлшахар Айдосованы қала әкімі арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. «Үздік педагогтың» еңбек жолы үлкен табысқа, жетістікке тола екен. Онымен жіті танысып шыққан қала басшысы Қайрат Молдасейтов болашақты ұрпақты тәрбиелеуде талмай еңбек етуін тіледі.

Гүлшахар Айдосова, «Үздік ұстаз» : «Бұл жалғыз менің жеңісім емес. Бұл ұжым мен мектеп басшысының жеңісі! Егеменді елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек етуге дайынмын. Менің жетістігімді елеп, білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиевамен бірге шақырып, марапат көрсеткен қала басшысына рахмет. Аналық, ұстаздық алғысымды білдерімін».

1989 жылдан бері Нұртасы Оңдасынов атындағы мектепте жұмыс істейді. Еңбек өтілі 39 жыл,  аталған еңбек ұжымындағы еңбек өтілі 23 жыл екен. Осы уақытқа дейін үздіксіз, тынбай еңбек еткен ұстаздың  шығар биігі мұнымен толастамасы анық.