Өмір әлде өлім? Адамның жаны қиналып, екі оттың ортасында тұрғанда анестезиологтардың көмегіне жүгінеміз. Науқас өмірін аман алып қалуда оның еңбегі орасан.
40 жылдан бері медицинаның осы қиын саласын меңгерген Алмас Әлдешов анестезиологияны таңдағанына өкінбейді.
Алмас Әлдешов, анестезиолог: «40 жылдан бері қаншама адамға көмек көрсеткеніміз Аллаға ғана аян. Менің акушер де, хирург та болуыма мүмкіндік бар еді. Бірақ, осы саланы таңдағаныма өкінбеймін. Және бұл мамандық мені алға жетелеп келеді».
Шалғай аудандарды айтпағанда қаламыздың өзінде тәжірибелі анестезиолог маман тапшы. Жалақының көлемі, істің жауаптылығы көп жастарды бұл саланы таңдаудан алшақтатады. Ал, қиындыққа мойымаған Алмас Әлдешұлының кеңесімен көптеген ота жасалынды да. Ол денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас анестезиологы.
Оңтүстік өңірінің өзіне 450-ге жуық анестезилог маман қажет. Ал облысымызда оның саны бар болғаны 300-ге жуықтайды. Оның тең жартысы қаламызда қызмет атқарады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hEUxvA0YqNI[/youtube]