Бүгінде қаншама тыңдарманның жүрегін жаулап үлгерген Қайрат Нұртасқа қызыға да, қызғана да қарайтын замандастары көп. Алайда, әншінің анасы Гүлзира Үсенқызы баласының бағын көре алмайтындар жетерлік деп есептейді. Өз сөзінде тіпті елге танымал тұлғалардың өзі арам пиғылын жүзеге асырғысы келеді деп ашып айтты. Әрине, әңгіменің әлқиссасы Қайраттың мемлекеттік телеарнадан көрсетілген бағдарламаға үміткер ретінде қатысуынан басталған. Айнұр Тұрсынбаева бағдарламаның қазылар алқасының құрамында болыпты.
Гүлзира Үсенқызы, Қайраттың анасы әрі продюсері: «Мен бауыреті баламды ешқашан бұлай намысына тигізуге жол бермеймін. Көптің алдында абыройына нұқсан келетінін біліп тұрып, қисынсыз сынады. Білуімше, Айнұр Тұрсынбаева Қайраттың намысына бостан-босқа тиген соң, Айнұрға біраз адамдар хабарласыпты. «Мұныңыз не? Бәріміздің сүйікті әншіміз ғой, бәріміз әндеріне ғашықпыз» деп. Сосын көпшілік маған телефон шалып айтып жатыр, «Айнұрға солай айтқан едік, Айнұр бізге бір жиында ма концертте ме Қайратты көрдім, Қайрат сәлемдескен жоқ. Мен қырсығып, мен ақымды алдым» деп айтыпты. Бұл пікірі маған өте күлкілі. Расын айтатын болсам, мен өзім бүгінгі күнге дейін Айнұр Тұрсынбаеваны таныған жоқпын. Сол бір жағдайдан кейін ғана біліп, содан кейін ғана көңіл аударыппын шынында. Енді жұрттың бәрі біле бермейді ғой оны, ол ақын болса өзіне ақын шығар?! Бұныкін де мен ойлаймын қателік деп. Өйткені, басында өзі «Мейрамбектей бола алмайды» деп бір айтты, Мейрамбек қырықтарға келіп қалған әнші, ал Қайрат 20-дан енді асқан жігіт қой. Сосын мен де, 20 жылда не болатыны бір Құдайға ғана аян. 20 жылда не болатынын сен қайдан білесін?! Мүмкін Қайраттың қанша өмір сүретінін де сен білетін шығарсың деп те тиіскен болатынмын. «Неге ол Мейрамбекке ұқсауы керек» деп айтады, жалпы Мейрамбек туралы қозғап отырған өзі ғой оның. Біресе жазыпты, интернеттен оқып қалдым, «Біресе әкесін жіберіпті, біресе шешесін жіберіпті» деп, енді Қайрат еркек басымен түсіндіріп жатпайды ғой. Қайрат ештеңе демейді, үндемейді ол. Мен продюсермін ба, ол менің жұмысым, менің шаруам. Мен сөйлесем жарасып тұр. Менің сөйлегеніме ол жүрегін ауыртпай-ақ қойсын! «Әкесін жіберіпті» депті, ол әкесінің жұмысы да жоқ, Айнұрдың алдына барған да жоқ. Ол туралы әңгіме де айтқан жоқ. Ол жерде жаныма батқаннан кейін мен сөйледім. Ашығы керек, Қайрат та сөйлеген жоқ, әкесі де сөйлеген жоқ! Бірақ өзі әңгімені көбейтіп, “әкесін бір жіберіпті, шешесін бір жіберіпті” деп артық әңгіме қозғапты, не үшін екенін өзім де түсінген жоқпын. Мейрамбекті де қозғаған өзі, Мейрамбекті өзім мойындаймын. Ол «мегаәнші», мен Мейрамбекпен санаса алмаймын. Бірақ, 40 жылда, Мейрамбектей жасқа келгенде Қайраттың қандай болатынын, мүмкін “мировой звезда” болатынын мен білмеймін мысалға. Сол үшін ол алдын-ала тон пішіп, сыртымен бал ашпай-ақ қойсын деймін. Ал енді өзіңіз айтпақшы, “ананың мәңгілік жеңісі – баласы, ал баланың жеңісі – жетістігі” деп мен көп айтамын. Сондықтан, баланы жеткізу үшін ең алдымен оқытып-шоқытып қою жеткіліксіз. Дұрыс тәрбие беру маңызды. Ал мен әрдайым еліңнің баласы бол, әрдайым халықтың пікіріне құлақ ас. Үлкенге құрмет көрсет, Отаныңды сүй деумен келемін. Әрине, ақ сүт беріп өсірген анасына кім қарсы шықсын?! Айтқан ақылымды, берген кеңесімді құлағына құйып, бар сырын бөліседі. Ал аналарға айтарым менің балаға көп көңіл бөлу керек. Сонда ғана перзентіңнен өзің еккен дәннің жемісін көресің. Менің мақтанышым да қуанышым да осы Қайратым ғой! Таңнан кешке дейін аңдығаным Қайрат, не істеп жүр, не қойып жүр барлығы да көз алдымда болуын қалаймын. Оның адам аяғыштығы, мейірімділігі, көбіне қарапайымдылығы өзіме ұнайды. Осы берген тәрбиемді кейде өзім байқап, іштей марқайып қаламын. Анам деп алақанына салып жүргені де маған деген шексіз құрметі ғой енді. Енді жұлдыз болғаннан кейін, көп адамдар тиісіп, әйтеуір аяғынан шалуға тырысатын кездер де кездеседі. “Мамин сыночек, бірдеңе” деп шамына тиеді. “Өзің жүретін”кезің болды ғой, әлі де кішкентай балдарға ұқсап» деп. Бірақ, Қайраттың көзі жетті, менен асқан оған жанашыр жоқ екеніне. Қазір кім не айтса да құлағына қыстырмайтын болды сондықтан. Өзінің жолы ашық болғанын қалағаннан кейін, мені түсінеді балам. Жанашырымын, анасымын, әрдайым жанындамын. Бұл менің жеңісім деп білемін. Ал Қайратымды құрметтеп, өнерін бағалаған жұртыма алғысым шексіз! Перзентімнің әлі талай тұщымды туындыларды елге тарту ететініне сенемін!”.
Өнер өлкесіндегі кейіпкерлердің өзара келіспей қалуы халық үшін күтпеген немесе таң қаларлық жәйт болмай қалғаны қашан?! «Ақырын жүріп, анық бас» деген аталы сөз текке айтылмаса керек-ті. Гүлзира Үсенқызы мен Айнұр Тұрсынбаеның келіспей қалуы шоу-бизнестегі бейарналар деп қабылдау дұрыс болар. Осылайша, елді шулатқан түсініспеушіліктің шешімі қос тараптың еншісінде. Алайда, кімнің пікірі дұрыс, ал кімдікі бұрыс екенін көпшіліктің өзі бағамдай жатар…