Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы бола аласыз

275
баспаналы болу бір арман
баспаналы болу бір арман

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша елімізде жаңа бастама — қызметтік баспана мәселесі қолға алынды. Бұл бағыт бойынша, жыл соңына дейін 480 пәтердің кілті иелеріне табысталмақ. Мемлекет төмендетілген жалақыдан басқа ересектерді жұмысқа тұрғызып, балаларды балабақшаға орналастыруға қолдау көрсетеді.

Бұл — барак емес, көпбалалы отбасының баспанасы. Екі бөлмеге қоса гаражды балалар бөлмесі етіп қайта жасап алған. Бірақ бұл жанұяның тауы шағылмайды, бастысы өзінікі болмаса да, баспанасы бар. Жеті баланың анасы баспана кезегіне осыдан 6 жыл бұрын тұрған. Биыл жаңа үй аламын-ау деген үміті жанбай жатып қайта сөнді.

Ділбар Шүкірова: «Екі апта бұрын барғанымда маған «Жұмыспен қамту 2020″ бағдарламасы бойынша пәтер ала алмайтынымды айтты. Өйткені мен бала күтіміне байланысты демалыстамын».

Ділбар секілді тағы да 5 мыңға жуық кезекте тұрған адамдар бағдарлама бойынша баспана ала алмайды. Бұл жоба тек еңбекке қабілетті жұмыссыздарға арналған. Бағдарлама бойынша, жұмысқа қабілетті жандардың екі қолына бір күрек тауып берілуі тиіс.

Жадыра Дауренбеков, қалалық жұмыспен қамту орталығының бастығы: «Бұл бағдарлама бойынша берілетін баспана жалға беріледі. Әрбір шаршы метр үшін 54 теңге, 6 тиын. Бірақ қызметтік пәтер алушылар сол жұмыс орнында кемінде 5 жыл жұмыс істеуі тиіс».

Енді Ділбар Шүкіроваға отбасымен бірге пәтер жалдап тұруына тура келеді. Өйткені баспана кезегінде жолдасы емес, өзі тұр. Сөйтіп бұл отбасы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына енбей қалады. Бірақ баспана үшін кезекте тұра бермек. Бірақ арман болған баспананы қанша уақыт сарғая күтерін ешкім де айта алмайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LPQmXIYTgbU[/youtube]