Жылыжай өнімін жақсы берді

 

Жылыжай өнімін жақсы берді

Жылыжайда жұмыс таңертеңнен кешке дейін жұмыс қызу жалғасады. Ордабасы ауданы Темірлан елдімекені, Қайнар ауылында орналасқан 8 жылыжайдағы көкөністерді өсіру ісі 3 шаруаға жүктелген. Олар еткен еңбегінің арқасында күніне 200-300 келдіден қиыр-қызанақ жинайды.

Жалпы республикадағы жылыжайлардың 75 пайызы біздің облысымызда. Егін шаруашылығына ауа-райы аса қолайлы өңір үшін озық технологияны игеру аса қиын болмады. Мәселен 2009 жылы бар болғаны 24 гектар жерге жылыжай орналастырылса, бүгінгі таңда көлем артып, 541 гектарға  жетті. Сәйкесінше өнім көлемі де артып отыр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбековтің айтуынша жылыжай шаруашылығындағы бірінші айналымнан дихандар 68 мың тонна көкөніс жинаған.  Ал екінші айналым 130 тоннаға дейін өнім берген.

Ал 2016 жылы жылыжай орналастырылатын жердің көлемін елбасының тапсырмасына сәйкес 800 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күннің өзінде облыс, еліміздің солтүстік аймақтары және Германия мен Ресейді бақша өнімдерімен қамтамассыз етіп отырған өңіріміздің өзімізді де қарық қылып, өзгеге де беретіні мол болмақ. Қазірдің өзінде жағдайымыз жаман емес дейді ауылшарушылығының баспасөз турында басқарма басшысы. 3-4 жыл бұрын Өзбекстанның бақша өнімдерін қанағат қылып келген едік.

Жалпы 1-ші қазанға дейінгі мәлімет бойынша облыстағы ауылшарушылығының жалпы өнім көлемі 160 млн-нан теңгеден асып отыр. Оның ішінде егін шаруашылығы 73 млн-нан, мал шаруашылығы 86 млн-нан , ауыл шарушалығы саласына көрсетілген қызмет көлемі 647 млн-нан асады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GDVbZUZwQ8k[/youtube]