Жамағат мешітте намаз оқып, Аллаға құлшылық етеді. Алланың ақ үйінде өзінің жанын еркін сезінетіні жасырын емес. Ал осы мешіттердің құзырлы органдардан тіркеуден өтуі немесе жұмыс жасауы жайы бүгінді көпшілікті алаңдатып отыр. Себебі, күні кеше ғана Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңы Діни қызмет діни бірлестіктер заңына ауысуына байланысты басқарманың аты да ауысқан болатын. Бұрын Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы болса, қазір Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы республикалық Исламдық діни бірлестік болып аталады. Сондықтан, барлық мешіт тіркеуден өтуге міндеттелген.
Ербосын Орын, ОҚО имамының бірінші орынбасары: «Жалпы бүгінде қаладағы орталық мешіттерінде бейнебақылау қондырғыларының орнатылғаны рас. Кіре берісте, дәретхана бөлмесінде, үлкен намаз оқитын залымызда және мешіттің сыртындағы кей орындарына. Бейнебақылауды орнатқан себебіміз де белгілі. Түрлі экстремистік топтардан және түрлі қауіптердің алдын алу үшін. Мәселен намаз оқып тұрған жамағаттың қалай қимылдауы, жалпы айтқанда әрекеттері мен айтқан-талқылаған сөздеріне шейін біздің назарда болады. Сондықтан, мешіттегі жамағатты қатерден осылайша қорғаудың жолын таптық дей аламын. Яғни қаламыздағы жағдайы, шамасы бар мешіттер құрып отыр. Бейнебақылау қондырғылар қаламыздағы үлкен мешіттерде толығымен орнатылды деп айта аламын. Алдағы уақытта мұндай бейнебақылау қондырғылары өзге де мешіттерде орнатылады деп жоспарлап отырған жайымыз бар. Сонымен қоса, 25- қазанға дейін Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының филиалдары толық тіркеуден өтуі міндетті. Ал біздің облыста жалпы 721 Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының филиалы бар болса, соның ішінде 50 мешіт өз жұмысын тоқтатады. Себебі, бұрындары тіркеуден өткенімен бірінің ғимараты талапқа сай келмей немесе тіпті ғимараты салынбағандар, өзгелеріның белгілі бір себептері бар. Ал 671 мешіт қайта тіркеуден өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ 657 мешіттің құжаты Әділет департаментіне өткізілді. Қазіргі таңда қалған 12-13 мешіт өз құжаттарын дайындау үстінде. Сондықтан, белгіленген күнге дейін мешіттерді толық тіркеуден өткіземіз деген сенім мол. Айта өтетін маңызды жәйт, қоғамдағы келеңсіз экстрмизм мен терроризмнен қорғану мақсатында Облыс әкімінің бас болуымен Шымкент қаласындағы арнайы «Шымкент» медресесінде осы жылдық ақпан айынан бастап, әр ай сайын ауыл-аймақтардан 50 имам шақырып қайтадан оқыту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, Инш Алла. Кеше ғана қолдарына арнайы құжат беріп, 50 имамды шығарып салдық. Енді қазан айының 1-нен бастап тағы 50 имамды шақырып аталған шараны жалғастыратын боламыз. Жыл бойы жалғасын табады деп жоспарланып отыр. Мұндағы мақсатымыз – ауыл имамдарының сауаттылығын арттыру, сондай -ақ бұл имамдарға тек діни сабақ өтіліп жатқан жоқ. Қаламыздағы жоғарғы оқу орындарының профессор, білікті арнайы мамандарды шақыртып өзге де салады сасаттарын арттырып жатқан жаймыз бар. Мәселен, заң болсын немесе өзге де салалар бойынша сабақтар өтіліп, ғалым-профессорлардан мазалаған сұрақтарын қойып білім алуда имамдар. Себебі, халыққа дінді дәріптеп, дұрыс-бұрысын айтатын Имамдар болғандықтан, олардың сауатының жоғары болғаны дұрыс. Сондай-ақ өзге елде дін турасында 10-20 жыл оқып келген адам да Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы республикалық Исламдық діни бірлестігінің арнайы сараптау комиссиясының тексеруінен өтуі керек. Қолына арнайы бұйрық берілген жағдайда ғана ол имам немесе мешітте қызмет етуге құқылы бола алады”.
Бүгінде қаламыздағы бірқатар мешіттерде бейнебақылау қондырғылары орнатылған. Мешіттегі жағдайдан хабардар ету үшін. Алайда толық қамту әлі күнге жүзеге аспай келеді. Ал мешітке келген көпшілік дәл осы бейнеқондырғының орнатылғанын дұрыс деп есептеп отыр. Айтуларынша діни экстремизм мен терроризменен қорғанудың жолы осы бейнеқондырғыға тәуелді. Осы арқылы кімнің не істеп, не қойып отырғанын анық көріп, талқыға салуға мүмкіндік мол.
Самат Бақбергенов: “Бұл бейнебақылау қондырғысының орнатылғанына көп болған жоқ. Бірақ имамдар күн сайын осы бейнебақылауға түскен дүниелерді тамашалайтын көрінеді. Осылайша, кімнің қандай сөз айтқанын, насихатын және намаз оқылу тәртіптерін талқылайды екен ғой. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Сонда ғана біздің арамызда іріткі деген нәрсе болмайды. Кімнің нағыз мұсылмандық жолмен жүргенін де осы арқылы байқаймыз. Және тек имамдар рұқсат берілген шариғаттар ғана айтылатын болды. Бұл дұрыс шешім. Егер тәртіп бұзушіліқ немесе өзге әрекеттер мешітте орын алатын болса бұлар тікелей имамдар бақылауында деп біз де сенім артып отыратын болдық қой. Мұндай маңызды дүниелер осылай заңмен бақыланатын болса, біздің де діни сауатымыздың артары анық”.
Мақсұт Базаралыұлы: “Иә, бұл бейнебақылау қондырғының бізге берері мол болып отыр. Қуанып жүрмін. Алланың үйінде енді ешкім де қалағанынша бұрмалаушылық деген сынды бейәркеттер жасаудан тыйылатын болды. Менің ойымша, бұл бейнебақылау қондырғысы да Имамдарға үлкен көмек қой. Себебі, бүгінгі таңда көптеген имамдарға жазықсыз жала жабылып, бұрыс жолда насихат жүргізуде деген айып тағылып жүрген тағы бар. Жанын мұндай жаладан беймарал арылтатын болды. Бейнебақылау қондырғысы арқылы жамағғатың қалай намаз оқып жатқанын және олардың айтқан сөздерін де анық көреді. Таспаға жазылады. Әттген-ай сол – мұндай қондырғылар қаладағы орталық мешіттерде ғана орналытған. Сондықтан, өтініш айтамыз. Алдағы уақытта облыс мешіттерінде осындай бейнебақылау қондырғылары орнатылса деген. Инш Алла барлық мешіттерде орнатылады деп сенейік”.
Міне, діни экстремизм мен терроризмнен қорғану үшін қаралған дүние. Ендеше, қала мешіттерінде шараптаы мол шара жалғасын табады деп күтілуде. Бастысы, өңірдегі мешіттер бұрмалаушылық пен эктремистік топтан бойларын аулақ ұстайтын болды.