«Шырайлы Шығыстан Оңтүстікке тарту!» Бүгін Әл-Фараби атындағы орталық алаңда Шығыс Қазақстан облысының шаруалары ұсынған азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Бұл — Шығыс өңірдегі ағайынның облысымыздың 80 жылдық мерейтойына жасаған тартуы. Жәрмеңкеде балдың түр-түрі, жарма өнімдері мен марал мүйізінен дайындалған өнімдер көпш ілік назарына ұсынылды.
Алтай тауларының балы. Шырайлы Шығыстың 10 ауданы бүгінгі жәрмеңкеге негізінен таулы өлкенің әселін ала келген. Шығыстың балы келеді дегенді ести сала Қымбат апай да үйінде отыра алмапты. Отағасын ертіп келіп, балдың түр-түрін сатып алды. Ал жәрмеңкеге балдың 14 тоннасы әкелінген.
800 келі мүйіздәрі. Келген жұрттың қызығушылығын тудырған тауардың бірі ел арасында пантокрин деген атпен танымал марал мүйізінен дайындалған балғындар еді. Адам ағзасын жаңартып, күш-қуат сыйлайтын мүйіздәрінің қасиетін білетіндер де қарап қалған жоқ. Мұнымен қоса «Шкода», «Киа» секілді Қазақстанда шығарылған көліктердің 8 данасы ұсынылды бүгінгі жәрмеңкеде. Сауда қатарында бағасы 3 млн-нан 24 млн. теңгеге дейін жететін ауылшаруашылығы техинкалары да бар. Байқағаныңыздай, тауар өнімдері санаулы. Мұны Шығыс Қазақстан облысының әкімі жолдың алыстығымен түсіндіреді.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: «Тауарларды мұнан да көп әкелуге болар еді. Бірақ көріп тұрсыздар. Екі елдің арасы 2 мың шақырым. Өзге азық-түлік тауарлары иістеніп кетеді дегендей…».
Ертең қонақтар Қызылордаға жол тартады. Айтпақшы, келісі мың теңгеден сатылған әселге сұраныс тым артты ма екен, шығыстағы саудагер ағайын арада бір сағат өтпей балдың бағасын 1200-ге көтерді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cHNPXAaSzxs[/youtube]