Табиғаты бай тамаша өлкені таныстыратын мүмкіндік болмай жатыр. Шымкентте өткен семинарда осы туризмді дамыту мәселесі көтерілді.
Канададан келген сарапшының айтуынша, шетелдік қонақтардың қызығушылығы көп. Бірақ өңірден толық хабардар ететін карта, жол нұсқаушы сияқты қажетті құралдар жоқ. Сондықтан оңтүстікте туризм саласы дамымақ түгілі, ақсап тұр.
Ал Шымкент туристік ақпарат орталығы осы мәселені шешуде жергілікті биліктен қолдау керектігін жасырмайды. Семинар барысында өңіріміздің шұрайлы жерлерінің көріктендірілмей жатқаны айқын көрсетілді. Енді бұл мәселе облыстық әкімдікте өтетін алқалы жиында кеңінен талқыланбақшы. Билік басындағылар оң көзбен қараса, сол жиында-ақ саланың сәті тууы мүмкін.