Дәрігер өзі тағайындаған дәріні науқасқа әдетте қолымен жазып береді. Енді бұл ереже жойылады. Тағайындалған дәрі-дәрмектің тізімі енді толығымен электронды жүйеге көшіп, дәрілік ақпараттар базасына енгізілетін болады. Бұл науқасты «түсініксіз» жазудан арылтса, екіншіден уақытты үнемдейді.
Сонымен қатар, дәріхана қызметінің де адал жұмыс жасауына сеп болмақ. Айта кетер тағы бір жәйт, енді мұндай тағайындаулар тек жеке куәлікпен беріледі. Яғни дәрігердің алдына барғанда жеке басыңызды куәләндыратын құжатыңызды ұмытпаңыз. Дәрілік ақпараттың барлығы да мәлімет базасына сақталатындықтан, әрбір тұтынушыға жеке код тағайындалады.
Науқас екінші рет бұл дәрілерді ала алмайды. Ол үшін қайта дәрігерге барып, жаңа тағайындау парақшасын алуы керек. Жаңа әдіс қазірше тек ОҚО аумағында ғана жүзеге асып жатыр. Бірақ электронды жүйеге толығымен көшпегендіктен, дәрігер қолымен жазылған рецепт қатар жүреді.