Сайрамдықтар сүйікті басылымына жазылған күн

257
Халықаралық пошта күні "Оңтүстік Рабат", "Рабат" басылымдары жаңа оқырмандармен толықты

Халықаралық пошташылар күні өңіріміздегі Сайрам ауданында да тойланды. Түрлі жеңілдіктерді ұсынған басылымдар өз оқырмандарымен қауышты. Ал «Оңтүстік Рабат», «Рабат» басылымдарына 10 пайыздық жеңілдік арқылы жазылуға мүмкіндік алған көпшілік қуанышын жасырмады.

Гүлмира Әйтенова, Сайрам ауданының тұрғыны: «Бүгінгі мереке құтты болсын! Мен бүгін «Оңтүстік Рабат» басылымына жазылып отырмын. Себебі, бұл газет бар жаңалықты дер кезінде жеткізіп, біздің ұсынысымызды қабыл алып, түсінбеген дүниелерімізге жауап беріп отырады. Тығыз қарым-қатынастамыз. Егер, бір мәселелер туындап қалса да газетке жариялап, «Отырар» телеарнасы арқылы билікке айтамыз. Сондықтан, бүгін таңертең сүйікті газетіме жазылу үшін арнайы келіп отырмын».

Жаңалықтың жаршысы, халықтың көзі һәм құлағы болып отырған басылымдарға келіп жазылған көпшіліктің қарасы қалың болды. Аудан тұрғындары газет тілшілеріне ақ батасын беріп, алғысын білдірді. Бастысы, басылым облыс халқын жан-жақты жаңалықтардан құлағдар етеді дейді.

Юсентай Нажметдинов, Сайрам ауданының тұрғыны: » Иә, елдің жоғын жоқтап, қуанышын бөлісетін «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» басылымдарына алғысым шексіз! Газет ұжымына тек жақсылықтар тілеймін. Тілшілері де бізге болысып жүреді. Ғұмыры ұзақ болғай! Қарап тұрсам, біздің облыстағы бар шандықты жазатын басылым осы ғана сияқты. Сондықтан, бүгін көршілеріммен бірге сүйікті газетіме жазылуға келдік. Мен қазақшасына, «Оңтүстік Рабатқа» жазылудамын «. 

2010 жылдың 1-қыркүйегінде дүниеге келген «Оңтүстік Рабат» басылымын бүгінде жұртшылық асыға күтеді. Себебі, түрлі тақырыптарды қаузайтын айдарлары күн сайын жаңа оқырмандарымен толығып жатқаны жасырын емес. Қалаған дүниесінен хабардар болып, рухани азық алып жүрген тұрақты оқырмандармен бірге бұл күні басылым жаңа оқырмандармен қауышты. 

Назым Байтөре, Сайрам ауданының тұрғыны: » Мен бұрындар бұл газетті көршілерімнің бірінің қолынан көретінмін. Бір күні сұрап алдым оқу үшін. Тәнті болдым басылымға. Құқықтық сұрақтар мазаласа да, тіпті қажетті телефон анықтамлығы да жарық көріпті. Менің әжем таңертеңнен кешке дейін теледидардан көз жазбайды, сондықтан теледидар бағдарламасы бар болғаны үшін де бұл газетті ұнатып қалды. Бүгін «Рабатқа» жазылуым үшін бүгін арнайы келдік. Жеңілдіктер ұсынып жатырсыздар, рахмет! Бұрындары тек көршілерімнен сұрап немесе сауда дүңгіршектерінен сатып алып оқитын едім ғой, енді үйге келіп тұрады. Қуанып отырмыз, бар жаңалықты көршілерім енді менен сұрайтын болды-ау «.

Атаулы датаны айрықша атап өтуді ұмытпаған аудан тұрғындары «Қазпоштаны» айналшықтап, тілектер айтып, газет-жорналдарға жазылды. Ақсукенттегі Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп мұғалімдері де сүйікті басылымдарына жазылуды жөн көріпті.  

Меруерт Сапарәлева, мұғалім: «Мен Ақсукенттегі мектептердің бірінде жұмыс жасаймын. Біздің мектепте оқушылар мен мұғалімдердің басым бөлігі осы «Рабат» пен «Оңтүстік Рабатты» оқиды, себебі саясат пен қоғамдағы ащы шындықты жазады. Көбіне халықтың пікіріне құлақ асатыны тағы бар. Кез келген мәселені шешер алдын да осы басылымдарды арқау етіп, сенім артатынымызды жасырмаймын. Сондықтан, бүгін жазылу үшін келген жайымыз бар».

Бүгінде оқырманының артқан үмітін ақтау үшін басылым бар жігерін жұмсауда. Апта сайын халықты шынайы ақпаратпен сусындатып отыратын «Оңтүстік Рабат» және «Рабат»газеттері халық пен биліктің арасындағы дәнекер болғаны қашан. Сондықтан болса керек, мәртебесі жоғары мерекеде аудан тұрғындары тек «Оңтүстік Рабат»,»Рабат» газеттеріне ғана жазылды. Ұмытпағайсыздар,  оқырман Біз Сіздер үшін жазамыз!