«Aster auto» компаниясы Ниссан және Митсубиши маркасындағы көліктің кең таңдауын ұсынады. Авто орталық шымкенттіктерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.
«Aster auto» салонындағы арманына қол жеткізуге келген Наталья Родионова алғашқы тұтынушы. Сатып алатын темір тұлпарының маркісін нақтылағанымен, оның кең үлгісінен таңдау жасау қиынға соқты.
Наталья Родионова, тұтынушы: » Менің күйеуім дәл осы компаниядан Ниссан автокөлігін сатып алды. Ал менің таңдауым Митсубишиға ауды. Су жаңа темір тұлпардың сапасы жақсы болып шықты. Осы күнге дейін ахау шыққан жоқ. Сондықтан мен де осы жерден көлік сатып алуды жөн көріп отырмын».
Дилерлік орталықта тұтынушылар үшін таң қаларлық мүмкіндіктер ұсынылып отыр. Бұл су жаңа темір тұлпарлардың сатылуы деңгейін жоғарылататыны сөзсіз.
Асқар Бурунчин, «Aster auto» дилерлік орталығының директоры: «»Aster auto» компаниясы тиімді ұсыныспен несиелеудің түр-түрін ұсынады. Бұдан бөлек, Trade IN бағдарламасының аясында өзіңіздің 2005 жылдан бері шыққан ескі автокөлігіңізді бізге өткізіп, жаңасын алуыңызға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, Ниссан және Митсубиши маркілі көліктерді үстемақысыз қарызға да алуыңызға болады».
Автокөліктердің бағасы өзінің мүмкіндіктеріне қарай әр түрлі. Митсубиши маркасындағы темір тұлпардың ең арзаны 25 900 доллар болса, ең қымбаты 66 500 долларды құрайды. Ал Ниссан маркасындағылардан ең арзаны 17 400 доллар, ең қымбаты 108 300 долларға жете қабыл.
Акиоши Иджима: » Бізде Қазақстанмен арнайы келісім шарт бар. Оның аясында жаңа автокөліктерді осында өткізуде ешқандай қиындықтар туындамайды. Шымкенттегі диллерлік орталықта сервистік қызметтің сапасы аса жоғары. Митсубиши автокөлігін алған әрбір азамат оның барынша ыңғайлы және қауіпсіз екенін сезіну үшін біз бар мүмкіндіктерді қарастырдық».
Осы күні Митсубиши Оутландер 3 автокөлігін көпшілікке таныстыру рәсімі өтті. Жаңа үлгідегі темір тұлпарды барлық қонақтар сынап көріп, жоғары баға берді.
Қазір дилерлік орталықта жаңа автокөліктердің таңдауы жетерлік. Егер тапсырыс берсеңіз қысқа мерзімде кілтін табыстайтын мүмкіндік мол.