Сыбайлас жемқорлық күрес-қоғамдық міндет. «Нұр Отан»ХДП қоғамның бүгінгі даму кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күресті өзінің басым бағыттарының бірі санайды. Сыбайлас жемқорлық ел экономикасына кері әсер ететіні мәлім.
Бас партияның облыстық филиалы жемқорлыққа қарсы аймақтық форумның басталуына орай баспасөз конференциясын өткізді. 30-қазаннан бастап, облыстың барлық аудан, қалаларында форум аясында түрлі іс-шаралар өткізілмек.
Ал 9-қараша күні облыстық және аудандық, қалалық партия филиалында құқық органдары өкілдерімен бірлескен «Ашық есік» күні өткізіледі. Облыстық форум 26-қараша күні аталып өтілетін болды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес үрдісіне азаматтық қоғамның барлық тобын тарту, қоғам мен билік арасындағы сұқбат алаңын кеңейту және бұл іске жастарды жұмылдыру мақсатында қазан айының соңынан бастап, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» форум аясында дөңгелек үстел, шеру, конференциялар ұйымдастырылады.
Жемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды еі үздік жариялау және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары аясында байқау, «Ең үздік плакат», «Ең үздік партиялық бақылау бекеті» байқаулары үйымдастырылып, жастар арасында «Таза сессия» акциясы, «Парасыз сынақ кітапшасы» тақырыбында студенттер арасында дебаттық турнир өткізу жоспарланған.