Тілсіз жау бір адамның өмірін қиды

Зардап шеккен үй

Таңертеңгі сағат 6-дан асқанда Шымкенттегі Жылқышиев көшесіндегі барак типтес үйлердің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 3 бөлмелі үйді толығымен өрт шарпығанын анықтайды.

Зардап шеккен үй

 

Шатыры ортақ бір үйде 5 отбасы тұрады. 25 адам қауіпсіз жерге көшіріледі. Кейінірек көк түтінге оранған тұрғын-жайдың ішінен 35 жас шамасындағы ер адамның мәйіті табылды.

Көршілердің айтуынша өрт хабарлаған уақыттан бірнеше сағат бұрын басталған болуы мүмкін. Егерде өрт оқиғасы бұдан да кешірек хабарланғанда, мұндағы отбасылар баспанасыз қалар еді дейді өрт сөндірушілер. Тілсіз жау 2 сағаттан кейін өшірілген. Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.