Құлдықта отырғандар қалаға келсе де өз туыстарымен сөйлесуден бас тартқан

Хадича Абишева, "Сана сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының президенті:

Құлдықта болғандар құтырды. Ресейде отырып Шымкенттіктерді құлдықта ұстағандар да, ақысыз жұмысқа жегілдік деп шырылдағандар тым басқаша сайрап кетті. Сөйтті де оқиға аяқасты өзгере шықты. Құлдықта отырғандар қалаға келсе де өз туыстарымен сөйлесуден бас тартқан. Тіпті өздеріне жолатпай қойса керек. Естеріңізде болса ОҚО-ның азаматтары Мәскеуде дүкен ашып, Шымкенттіктерді ақысыз жұмысқа жеккені туралы ақпарат тараған болатын.

Құлдықтан босап келген Фатима Мұсабаева бауыры Әлияның осында келгенін БАҚ өкілдерінен естіпті. Бірақ сіңлісімен сөйлескенде өзі күткендей жауап алмаған. Яғни Әлия сенімен сөйлескім де келмейді депті. Бұлай жауап бергеніне алғашында таң қалған. Өйткені 3 жыл бұрын апалы-сіңлілі екеуі дүкеннен бірге қашып шығуға жоспар түзіскен еді. Үлкенінің жолы болып туған елге оралды. Енді сіңілсін құтқаруға әрекеттеніп жүрген. Міне өзі де келді. Бірақ қашып емес, күні кеше азап көрсеткен дүкен иелерімен бірге.

Фатима Мұсабаева, құлдықта болған азаматша

Фатима Мұсабаева, құлдықта болған азаматша: «Менімше оны дүкен иелері қорқытып отыр. Өйткені мен өз сіңілімді білемін ғой. Егерде ол мені көрсе ешқашан олай айтпас еді. БАҚ өкілдері айтқан жерге барғанымда ол кетіп қалыпты. Тілшілер оның сыртқа шығып кетіп қайта оралмағанын айтты. Дүкен иелері сыртта күтіп тұрған шығар деп ойладым».

Осыдан бірнеше апта бұрын құлдықта жүргендер қамығып, дүкендегілер дым болмады деп даурыққан еді. Қылмыстық іс қозғалып, жәбір көрсеткендер жауап береді деп күтілді. Енді міне табан астынан оқиға басқаша өрбіп, жылаған жұмыскерлер жайбарақат, кәсіпкерлер шімірікпестен Шымкентте жүр.

Хадича Абишева, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының президенті:

Хадича Абишева, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының президенті: «Қазір естуімше құлдықта жүргендер кейбір арналарға ешқандай да ондай оқиға болмады. Бізді ешкім қинаған жоқ деп сұхбат беріп жүрген көрінеді. Бұл күмән туғызып отыр. Әйтпесе оқиға бойынша кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту ісі 3 жылдан бері созылып келеді емес пе?»

Істі жылы жапқан РФ-ның прокуратурасынан үмітін үзген қоғамдық белсенділер енді аталған елдің Президентіне хат жолдамаққа бекініпті. Өйткені өзгені қойғанда қандастарын қан жылатып отырғандар ертеңгі күні есірмесіне кім кепіл дейді бірлестік мүшелері.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=98RZiPfYv6I[/youtube]