Қылмыс жасаған жеткіншектердің алдымен ата-аналары жауапқа тартылуы тиіс! Бұған себеп — жеткіншектер арасында жаға жыртысу көбейіп отырғаны өз алдына, бірін-бірі шімірікпестен өлтіріп тастау оқиғалары жиілеп кетті. Оған қоса кәмелетке толмаған балаларды ауыр жұмысқа жегу фактілерін жасыра алмаймыз. Күрделі жағдайдан қалай шығуға болады? Жақында арнайы комиссия осы мәселені шешу мақсатында бас қосқан болатын.
Сәкен Қаныбеков, облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы: «Сарыағашта орын алған оқиға жайлы мәліметті кешке ғана алдық, онда не болғаны жайлы толық ақпарат жоқ, материал бүкіл интернетте жайлап кеткенде білдік».
Оқиға орын алғаннан кейін сан соққаннан не пайда? Жасөспірімдердің дауды пышақ, шолақ мылтық секілді суық қарулармен шешетіні қоғамдық дертке айналды дейді жиналғандар. Басты мақсат — қылмыстың алдын алу. Бұл іс жүйелілікті талап етеді. Ал статистика бұл бағыттағы әрекеттердің нәтижесіз екенін айқындап берді.
Бақытбек Танағұзов, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары: «Колледж, лицейдің балалары айдалада сағат 2 жарымда бір адамды тонап пышақ салып кеткен. Жасөспірімдер қаладағы Абай ауданында тұрады. Олар біздің ауданда тұрмағандықтан олармен жұмыс істеу мүмкін болмай тұр».
Ал тәртіп сақшылары өз тарапынан жеткіншектердің топтасып жатқаны жайлы мәлімет бізге дер кезінде түссе, қақтығыстың алдын алуға мүмкіндік болады дейді.
Алмасхан Тастанбеков, ОҚО ІІД әкімшілік полиция бюасқармасы бастығының орынбасары: «ІІД -де құрылымдармен бірге 3 топ құрылды. Балалар жиналды деген колледжден түскен ақпарат бойынша олармен соңғы бір айда 3 қақтығыстың алды алынды».
Жиналғандар бұған қоса қылмыс жасаған жасөспірімдердің ата-аналарын жауапкершілікке тарту қажеттігін алға тартты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EdOQhrewwOo[/youtube]