«Ханафи мәсхабы — Қазақстанның рухани мұрасы». ОҚМУ-де осындай атаумен халықаралық ғылыми конференция өтті. Тәжікстан мен Татарстанның дінтанушылары қатысқан бұл жиынға Қазақстанның Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Лама Шариф пен Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бурханов төрағалық етті. Жиналғандар Әбу Ханифа Ағзамның рухани мұрасын талқылады. Ислам қағидалары мен ұлттық дәстүр үйлесімділігі сақталған бұл масхабты дінтанушылар кеңінен түсіндірді.
Ғалымдар жастарға экстремизм мен діннің үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығын,Қазақстандағы діни тұрақтылықтың маңызы жайында айтып берді.
Татарстан мен Тәжікстан ғалымдары басқосқан жиында діни сауаттылықтың мәселелелір талқыға счалынды. Кейінгі жылдары жер жерде болған келеңсіз жәйттер сол сауаттың төмендігінен. Кеңестік дәуірдің қалдырып кеткен көлеңкесі де осы десті олар.
Камал Бурханов, ҚР Мәжіліс депутаты: «Біздің елде болып жатқан кейбір келеңсіз жәйттің төркінін арыдан іздеуіміз керек. Бұл діни сауаттың төмендігінен екені хақ. Кешегі кеңестік дәуірде 70 жыл бойы бодандықта болып, атеист атанып келдік емес пе?! Міне бүгінгі орын алған алаңдаушылық осының салдары десе де болғандай».
Қасиетті жұма күні бас қосқан дінтанушылардың халықаралық конференциясында діни сауатты дұрыс ашудың жолдары қарастырылды. Исламның ханафи мазхабының ролі айрықша айтылды. Адастырмайтын жол да осы.
«Біз әрбір мұсылманның жүрегіне ханафи масхабының ұғымды еге білуіміз керек. Ханафи мазхабының негізінен сыр шертер білім алып, еліміздегі 2 мыңнан аса мешіттердегі имамдардың біліміне жүгіну керек. 21-ші ғасырда діни дәстүрді ұлықтаудың оң жолын айқындау алу керек,-дейді ҚР дін істер жөніндегі комитеттің төрағасы Қайрат Лама Шәріп. Осы мақсатта Қазақстанда 2013 жылы 27 кітап шығару жоспарда бар.
шымкентте өткен әлем дінтанушыларының басқосуында Тәжікстандық ғалымның «У терроризма нет лица» кітабы таныстырылды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cjVBzQ7vaT0[/youtube]