С.Рахымов атындағы ескерткішке гүл шоғын қою рәсімінен бір үзінді
С.Рахымов атындағы ескерткішке гүл шоғын қою рәсімінен бір үзінді

Ел қаһарманы Сабыр Рахымов атындағы Республикалық әскери мектепте дәстүрлі ант беру рәсімі өтті. Антты әскери мектепке енді қабылданған, яғни екі айлық сынақтан сүрінбей өткен 206 талапкер қабылдады.

Елін қорғауға, мүлтіксіз адал қызмет етуге ант берген жастардың жігері айтпай-ақ байқалып тұрды. Арнайы мерекелік әскери киім үлгісімен сап түзеген азаматтардың бойында еліне деген патриоттық рух пен жеріне деген сүйіспеншілігі  басым.

мектеп интернатқа ант қабылдаушылардың туыстары қатысты
Мектеп интернатта өткен ант қабылдау рәсіміне ата-ана, туған туыстар да қатысты
Әскери амндасу сәті.Талапкермен командирі
2 ай уақыт аралығында жігіттер әскери тәртіпке үйренді
Станислав Приступа ант беруде
15 жастағы Станислав Приступа Шымкент қаласындағы № 15 мектепте білім алған. Жастайынан әскери болуды армандаған жігіт бүгінгі күнді ұзақ күткенін айтады
С.Рахымов атындағы ескерткішке гүл шоғын  қою рәсімінен бір үзінді
С.Рахымов атындағы ескерткішке гүл шоғын қою рәсімінен бір үзінді. Айта кетейік, біздің әскердің ұлттық кадрларын тәрбиелеп жүрген бұл оқу орны еліміздегі бірден бір үлгілі мектептердің қатарында.
Мектеп интернатының директоры Ұлықпан Башенов
Мектеп интернатының директоры Ұлықпан Башенов сарбаздарын мақтан тұтады.
206  талапкер ант беруге дайын
Ендігі үміт, еліміздің ендігі тыныштығы ант қабылдаған жас сарбаздың қолында
Ант қабылдау рәсімінің алдында сарбаздар көк туымыз көтерді
Ант қабылдау рәсімінің алдында сарбаздар көк туымызды көкке көтерді