Ел қаһарманы Сабыр Рахымов атындағы Республикалық әскери мектепте дәстүрлі ант беру рәсімі өтті. Антты әскери мектепке енді қабылданған, яғни екі айлық сынақтан сүрінбей өткен 206 талапкер қабылдады.
Елін қорғауға, мүлтіксіз адал қызмет етуге ант берген жастардың жігері айтпай-ақ байқалып тұрды. Арнайы мерекелік әскери киім үлгісімен сап түзеген азаматтардың бойында еліне деген патриоттық рух пен жеріне деген сүйіспеншілігі басым.