«Ақ-қу»сауда орталығы тәулік бойы жұмыс істейді

407
"Ақ-қу"сауда орталығы шақырады

Шымкентте тәулік бойы жұмыс істейтін сауда орны бой көтерді. «Ақ-қу» деп аталатын сауда орталығы қаланың дәл ортасында орналасқан. Салтанатты ашылу рәсіміне қала зиялылар мен қарапайым халық көптеп жиналды.

«Ақ-қу»сауда орталығы шақырады

Дүкеннің салтанатты ашылу рәсіміне жиналған көпшіліктің жайма базарға қарағанда осындай сәні мен сапасы келіскен сауда орнын қалайтындары бірден білініп тұр. Кәсіпкердің қуанышын бөлісуге келген ел ағалары ақ батасын берсе, ақжаулықты аналар шашуын шашты. Жаңа дүкеннің таспасын халық қалаулылары кесті.

Ғимараты заман талабына сай салынған «Ақ-қу» сауда орталығында азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлардың түр-түрі бар. Бағалары базар нарығымен бірдей болғанымен сапасы жоғары дейді дүкеннің алғашқы тұтынушысы Әділ Байрахманов. Келушілерге кіре берістен бастап қызмет көрсететін сауда орталығы әрбір клиентке жоғары сапалы қызмет ұсынады. «Ақ-қу»-дағы қонақжайлылыққа жерлестеріміз де риза.

Әділ Байрахманов: «Алғаш рет сауда жасадым. Көрсеткен қызметтері ұнады. Бағасы да арзан. Іші тап-таза, жылы».

Тұтынушылар да дән риза
Келушілерге сапалы қызмет көрсетіледі

Қазақта «Бір адам қазған құдықтан мың адам су ішеді» деген мақал бар. Осыны ескерген кәсіпкердің игі бастамасы қала тұрғындарынан қолдау тапты. Осыдан бірер жыл бұрын кәсібін шағын дүкен болып бастаған «Ақ-қу» бүгінде ірі сауда орталығына айналып отыр.

Сәуле Сарымсақова, «Ақ-қу» сауда орталығының директоры:»Бұрын кішкентай ғана дүкен болатын. Кейін тауар санын көбейтіп, жергілікті тұрғындарға қызмет етуге бел будық. Міне енді «Ақ-қу» атта сауда орталығын аштық. Басқалардан ерекшілігіміз бізде әрбір клиентпен жұмыс жасалатын болады. 40 азаматты жұмыспен қамтып отырмыз».

Сауда орталығының қызметкерлері «Бар дүниесі жаңаша, «Ақ-қу» сауда орталығы — тамаша» деген ұстанымда қызмет жасайды. Ендеше, Бауыржан Момышұлы даңғылындағы жаңа орталыққа келіңіз, өз бағаңызды беріңіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TBoC7msAUoM[/youtube]