Кешегі аптада Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Самат Сапарбаев аудандағы көпбалалы аналарды құттықтап, марапат табыс етті. Осылайша бұл күні аудандағы көпбалалы 11 ана «Алтын алқа», 20 ана «Күміс алқа» тағынды.
Сайрам ауданы халқы тығыз орналасқан аудан. 300 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда көпбалалы аналар қатары күн өткен сайын көбеюде. Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда 66 ана «Алтын алқамен», 161 ана «Күміс алқамен» марапатталған.
Кешегі аптада марапатталған алтын құрсақты аналарымызға әкім орынбасары: «Әйел заты сұлулық пен даналықтың, нәзіктілік пен сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетеді. Ал «Әйел бақыты» ең әуелі ана бақыты, сәби сүю. Аналық сезімнің құдіретін сезінген әйел өмірдегі ең бақытты жан деп есептеймін. Себебі, адам баласының ұpпағын жалғастыpу қасиетті борышы. Өзінің аналық қасиеті арқылы әйел тек отанасы ғана емес, бүкіл елдің анасына да айнала алады» – деп өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.