Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық деңгейдегі әкімдерді жинады және Елдегі мемлекеттік қызмет жүйесінде бірқатар оңтайландырулар болады деп ескертті.
Президент жаңадан келген әкім мен министрлер, өзіне дейін атқарылған жұмыстарды өзгертіп тастайтынын сынады. «Әлемде ондай тәртіп жоқ. Аппарат жұмыс істеу керек»- деді Назарбаев.
Сондай-ақ билік басындағылардың өз туған туыстарын қызметке тартуын доғарсын, әкімдер кадр мәселесімен тікелей айналысуды тыюы керек, деп ескертті. Сондай-ақ, алда шенеуніктердің саны да қысқаруы мүмкін. Бір ғана саяси қызметкерлер саны 8 есе қысқарады.
Ал жауапты хатшы қызметіне тағайындалатын қызметкерге мемлекеттік тілді білу, аймақта жұмыс жасап ысылу секілді қатаң талаптар қойылады. Сондай-ақ мақсатсыз жұмсалған әр тиын үшін шенеуніктер басымен жауап береді деп кезекті рет ескерту жасады.
Осы жиын барысында ОҚО-ның әкімі Асқар Мырзахметов өңірде жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар жөнінде есеп берді. Өңір басшысының есебіне елбасының көңілі толып, басқа аймақтарға Оңтүстікті өзгелерге үлгі етті.